• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2011

Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң құрылуы мен дамуы тақырыбындағы ең үздiк материалға журналистер мен фототiлшiлер арасында шығармашылық конкурс өткiзу туралы

366 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Байла­ныс және ақпарат министрлігі Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығын тойлауға арналған іс-шаралар легінде Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң құры­луы мен дамуы тақырыбындағы ең үздiк мате­риалға журналистер мен фототiлшi­лер арасындағы шығармашылық кон­курсты өткізу туралы хабарлайды. Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі: 1) Тәуелсіз Қазақстанның тарихына арналған ең үздік авторлық фотоматериал; 2) Қазақстанның экономикалық жетістіктерін (экономикалық реформаларды жа­риялау) көрсететін ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде; 3) Еліміздегі саяси жаңартулар бойын­ша үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде; 4) Ең үздік қоғамдық-саяси басылым; 5) Қазақстанның дамуы және қалып­тасуы туралы мақала жазған ең үздік шетелдік журналист; 6) Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне арналған ең үздік телевизиялық жоба – қазақ және орыс тілдерінде; 7) Қазақстанның мемлекеттігінің қалып­тасуы туралы ең үздік жаңалықтар сюжеті – қазақ және орыс тілдерінде. Конкурсқа Қазақстан Республикасы­ның баспа және электрондық бұқаралық ақ­парат құралдарының журналистері және фототілшілері қатыса алады. Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін мынадай материалдарды ұсынады: 1) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім; 2) мемлекеттік немесе орыс тілінде, не басқа тілдерде бұқаралық ақпарат құрал­дарында жария етілген және эфирге шық­қан баспа жұмыстар, фотожұмыстар, бейне жазбалар, сондай-ақ олардың элек­трон­ды нұсқалары (газет және журналдарда жарыққа шыққан, DVD ныса­нындағы теле-, радиобағдарламалардың ж­арияланған (сканерленген) көшірмелері); 3) жұмысқа жазбаша аннотация олар­дың жариялануы, эфирге шығуы және ма­те­риалдардың авторлығы туралы мәлі­меттер. Конкурсқа Қазақстан мемлекеттігінің құрылуы мен дамуы тақырыбына арнал­ған, 2011 жылдың ішінде жарияланған жә­не эфирге шығарылған жұмыстар қабыл­данады. Егер материал шетел тілінде ұсыныл­ған болса, оның міндетті түрде нотариал­ды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі көшірмесі қоса берілуі тиіс. Конкурсты өткізу мерзімі: 1) ақпараттық хабарлама жарыққа шық­қан күннен бастап 2011 жылғы 1 қазанға дейін – материалдарды қабылдау. 2) 2011 жылғы 1 қазаннан бастап 1 қара­шаға дейін –материалдар қарау; 3) 2011 жылғы 1 қарашадан бастап 1 жел­тоқсанға дейін – қорытындыларды шығару. Үміткерлер ақпараттық хабарлама шыққан күннен бастап материалдарды 2011 жылдың 1 қазанына дейін ресімдеп жә­не министрлікке мына мекен-жай бо­йын­ша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 250-кабинет. Конкурстық жұмыстар қайтарылмай­ды және рецензияланбайды. Конкурстық жұмыстар мына критерийлер бойынша қарастырылады және баға­ланады: 1) шығармашылық жұмыс мазмұны­ның толықтығы; 2) материал беру нысанының ерекшелігі; 3) өзектілігі; 4) шынайылығы; 5) тақырыпты ашу тереңдігі. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құ­пия болып табылады әрi оларды үмiт­кердi бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жаз­баша келiсiмiнсiз пайдалануға болмайды. Конкурс жеңімпаздары министрліктің дипломдарымен және ақшалай сыйақы­лармен марапатталады. Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң құрылуы мен дамуы тақырыбындағы ең үздiк материалға журналистер мен фототiлшiлер арасындағы шығармашылық конкурсқа қатысуға ӨТІНІМ 1. Қатысушының аты-жөні ____________________________________________ 2. Жұмыс орны, қызметі ______________________________________________ 3. Редакцияның мекен-жайы ___________________________________________ 4. Байланыс мәліметтер (телефон, e-mail) ____________________________ 5. Конкурстық жұмыстың аты _______________________________________ 6. Номинацияның атауы _________________________________________ 7. Қоса берілетін құжаттар: 1) _______________________________ 2) _______________________________ 3) _______________________________ Қолы _______________ Сұраным қарастыруға 2011 жылғы «___» _______________ алынды __________________________________(конкурстық комиссия хатшысының аты-жөні, қолы)