• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2011

ЭКСПО көрмесін өткізуге өтініш тапсырылды

510 рет
көрсетілді

Кеше Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) штаб-пәте­рін­де ЭКСПО жобасының Қазақ­стандағы ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы СІМ-інің жауапты хатшысы Рәпіл Жо­шыбаев Қазақстан Үкіметі аты­нан ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталесқа 2017 жылы Астанада ЭКСПО-ның мамандан­ды­рылған көрмесін өткізуге өті­нім тапсырды. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненовтің қатысуымен өткен бұл рәсім 2008 жылы Сарагоса қаласында  (Испания) ЭКСПО-ның Халықаралық маман­дан­дырылған көрмесіне қатысқан кезінде таяу болашақта Астанада көрме ұйымдастыру туралы Қа­зақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың бастамасын іске асыруға ресми тұрғыда жол ашып беріп отыр. Р.Жошыбаев Қазақстан елор­дасында ЭКСПО-ны лайықты дең­гейде өткізу туралы респуб­ли­камыздың шынайы ниетін рас­тады, осы бағытта дайындық жұ­мыстарын ұйымдастыру бойын­ша Қазақстан Үкіметі қабыл­да­ған шаралар туралы хабарлады: «ЭКСПО-2017» сайлауалды нау­қаны жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылған, қазақстандық өтінімді ұйымдастыру және ілгерілету жөніндегі ұлттық үйлес­тірушінің қызмет орны бекітілген, тиісті министрліктерде, ведомстволарда және елорда әкім­дігінде осы мәселе бойынша штабтар құрылған, көрмеге қаты­сушы елдердің көрме павиль­он­дарын орналастыру үшін жер уча­скелері бөлінген. В.Лоссерталес Қазақстан та­ра­пының қабылдаған шарала­ры­на қанағаттанғандығын білдіре отырып, Астананың бірқатар ба­сымдықтарына назар аударды. Оның пікірінше, Орталық Азия аумағына тұңғыш рет көрме қозғалысының таралуы маңызды болып көрінеді. Сондай-ақ, ол ел­дің орасан зор экономикалық және ғылыми әлеуеті бар екенін, оның даму игілігі үшін пайда­ланылып жатқан күш-қуаты мен қарқынын атап көрсетті. Бас хат­шының сөзі бойынша, Қазақстан өзінің халықаралық беделін ны­ғайта отырып, өңірлік ірі форум­дардың көпшілік мойындаған орталығына айналуда. Көрменің ұсынылып отырған тақырыбы – «Болашақ энергиясы»  орасан зор табиғи энергия қорлары бар және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақ­тылық жолында болашақ ұрпақ үшін баламалы энергетиканы да­мы­тып отырған мемлекеттің осы бір жалпы дүниежүзілік проб­ле­маны алдыңғы кезектегі жос­пар­ға ілгерілетуіне байла­нысты нышандық және өзекті мәнге ие.