• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Маусым, 2011

Хатшылық басқосуы аясындағы жүздесулер

343 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының отырысы аясында Парламент Сена­ты­ның Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының жетекшісі Қайрат Мәми бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Ислам және шақыру істері жөніндегі министрлер конферен­ция­сы­ның (Сауд Арабиясы) Бас хатшысы Маджид Абдул Азиз ат-Түркимен кездесу барысында Қ.Мәми Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмы­сын­дағы Саудия тарапының үле­сін жоғары бағалады. «Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігін араб және мұсылман әлеміндегі стра­тегиялық әріптес ретінде қарас­ты­рады», деп атап өтті Төраға. Қазақстанның Ислам Конфе­рен­циясы Ұйымына төрағалық етуіне қатысты Қ.Мәми «біздің еліміз ЕҚЫҰ-дағы қызмет тәжі­рибесін ИКҰ-ға әкелуге, Батыс пен мұсылман әлемінің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайтуға ниеттеніп отыр», деген ойымен ортақтасты. Жаһандық дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуды да­мы­тудың өзекті мәселелері Бү­кіл­қытай будда ассоциациясы (ҚХР) Халықаралық ынтым­ақ­тастық бөлімінің басшысы Пу Чженмен кездесуде талқыланды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасына қытай жағының қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізе отырып, Қ.Мәми «Қазақстан мен Қытай ара­сындағы екіжақты ынтымақ­тас­тық пен достық байланыстар әлеуеті өркениетаралық және дін­аралық үнқатысуды бірлесе ілгерілетумен байи түседі», деп атап өтті. Сол күні Қ.Мәмидің Израиль Бас сефард раввинінің өкілі Мэйр Даниномен, Мәскеу Патриархаты Шіркеулермен және қоғаммен өзара  қатынастар жөніндегі бөлі­мі төрағасының орынбасары Георгий Рощинмен, Киелі тақтың Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесінің өкілі Кристиан Тролль­мен, Египеттің Алматы­да­ғы ислам мә­де­ниеті универси­тетінің ректоры Махмұд Хиджазимен кездесулерінде қазақстан­дық дінаралық форумды одан әрі ілгерілету мә­се­лелері талқы­ланды.