Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» («Б-терезе» ЫАЖ) ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін құру үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша комиссия отырысын өткізді.
Отырыс барысында 2011-2013 жылдарға арналған «Б-терезе» ЫАЖ құру тұжырымдамасының жобалары және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары таныстырылып, талқыланды.
Отырыс қорытындысында Премьер-Министр тұжырымдаманы Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.