• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Маусым, 2011

Басқарушылар резерві толыға түсті

325 рет
көрсетілді

Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару акаде­мия­­сын­да Мемлекеттік саясат­тың ұлт­тық мектебін (МСҰМ) бітірушілерге диплом тапсыру салтанаты болды. Академияның құрамындағы МСҰМ Президент Н.Назар­баев­тың 2009 жыл­ғы Жарлығымен ашылған еді. Оның міндеті – саяси мемлекеттік қызметкер­лердің резервін дайындау. Онда оқитын­дар­дың қызметі министрліктер де­пар­таменттерінің директоры немесе директордың орынбасары қызме­ті­нен төмен болмайды. Оқу орнын биыл бітіргендер АҚШ-тың Дьюк университетінде үш айлық тә­лімдемеден өтті. Аталған университет әлемдік жоо-лар рейтингі бойынша 13-ші орында. Қа­зақ­стан­дық қызметкерлер осы уни­вер­ситеттің дипломдарын алды. Айта кететін жәйт, оқу бағдар­лама­сы қазақстандық жергілікті басқару органдарында өндірістік тәжірибеден өтуді де қарастырған. Сөйтіп, болашақ басқарушылар әлемдік және отандық тәжірибе­лерді салыстыра отырып, екеуін де бірден қамтиды. Академия мектебінің әлемдік ал­дыңғы қатарлы университеттермен ын­ты­мақтастық орнатуы Ел­басы Н.Назарбаевтың тапсырма­сы­на сәйкес іске асырылған. Ол оқу үдерістерін то­лық ауқымда интернационалдандырып, халық­аралық аккредитация алуды жү­зеге асырады. Диплом тапсыру салтанатына Президент Әкімшілігі Басшы­сы­ның орын­басары Б.Байбек, АҚШ-тың Қазақстан­дағы диплома­тия­лық миссиясының басшысы Дж.Ордвей, АҚШ Стэнфорд атын­дағы университеті мемлекеттік сая­сат мектебінің деканы Дьюк Брюс, осы университеттің Халық­аралық даму орталығының атқару­шы директоры Дьюк Джонатан Абельс және басқалар қатысты. Жақсыбай САМРАТ.