Жуырда Мадрид қаласындағы Ұлттық концерттік аудиторияның симфониялық залында Алматыдағы К.Байсейітова атындағы консерваторияның түлегі, бүгінгі Королева Софияның жоғарғы музыка мектебінің студенті, скрипкашы Ержан Құлыбаев Аликанте университетінің филормониялық оркестрімен бірге П.Чайковскийдің скрипка мен оркестрге арналған шығармаларынан тұратын концерт берді. Концертті тыңдауға жиналған көрермендер орындаушыны қайта-қайта ортаға шақырып, Е.Құлыбаев сахнаға бірнеше рет шығып қазақ композиторларының шығармаларын орындады. Ол туындыларды өзінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайтынын айтты.
Әу баста бір сағатқа мөлшерленген бұл концерт, көрермендердің сұрауымен екі сағатқа созылды – деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.