• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық

725 рет
көрсетілді

Жуырда Семейде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік тұрмыс үйі ашылды. Онда екі шаштараз бен екі тігінші арбаға таңылған, яки өздігінен жүре алмайтын мүгедек жандарға қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда Семейдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы саны 13 мыңның үстінде. Бұрнағы жылы мұнда оларға арналған тегін такси қызметі ұйымдастырылған еді. Ал соңғы қайырымдылық жобасын Алматыдағы «Бота» қоғамдық қоры қаржыландырып отырған көрінеді. Жуырда аталған қор алыстағы Абыралы өңіріндегі Таңат ауылында балабақшаның ашылуына дәнекер болған еді. Мүмкіндігі шектеулі жандар жоғарыдағы қайырымдылық шарасы­на ақ алғыстарын білдіре келіп, жаңадан ашылған бұл әлеуметтік тұрмыс үйінің аумағы жағынан үлкен қалаға аздық ететіндігін де жасырмады. Сәті келгенде бұл тілек те өз шешімін табады деп сенеміз. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.