• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

eGov.kz порталы осы жерден жеке тұлғаға ЖШС тіркелгені туралы білуге болады

428 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні Электронды үкі­меттің порталынан заңды тұлға­ның, оның  бөлімшесі немесе өкілдігі  туралы  Анықтаманы тегін алуға болады. Бұрын бірнеше күн күтетін ақпаратты енді www.egov.kz  пор­та­лынан  30 минуттың ішінде ала аласыз. Анықтаманы алу үшін жүйеге заңды тұлға туралы мәліметтерді: БСН, немесе ұйымның атауын, салық төлеушінің нөмірін немесе басшының аты-жөнін енгізу керек. Бұған қоса, қазіргі уақытта  eGov порталында жеке тұлғалар­дың заңды тұлғаға қатысы бар­лығы (жоқтығы) туралы анықта­маны тегін алуға болады. Ол үшін жеке тұлғаның ЖСН нө­мірін білсеңіз жеткілікті. Үкімет пен азаматтың делдал­дарсыз,  тікелей қарым-қатынас орнатуы Қазақстанның демо­кра­тиялық қоғамы үшін қа­лыпты жағдай. Мемлекеттің ақпарат­тық технологияларды күн­де­лікті өмірге енгізуі өз нә­ти­жесін беруде: көптеген мемлекеттік қызмет көрсетулер кез келген қазақстандық үшін Интернет желісінде қол­жетімді. Қазіргі күні элек­трон­ды үкімет пор­талы 70-тен астам элек­трондық қызмет көр­се­тулер ұсы­нады, 2011жылдың ба­сынан бері 3 миллионнан астам  электрондық  анық­­тама  берілді. Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.