• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Кәсіпорындағы іргелі істер

423 рет
көрсетілді

Адам ағзасына қажетті азық-түлік түрлерінің қатарында сүт­тің алатын орны ерекше. Табиғи дәрумендерге бай сүттің өзінен ғана қаншама дастарқан мәзірін жайнатып жіберетін тағам түр­ле­рі жасалады. Қазіргі дүкен сөре­леріндегі шетелден жеткізілетін осындай өнімдерді өзімізде жа­сал­ған дәмді тағам түрлері ысыра бастады. Бұл әрине үлкен жетістік, әрі бәсекеге қабілеттіліктің алғышарты деуге болады. Талдықорған қаласының шетіне орналасқан экологиялық жа­ғы­нан табиғи таза өнім өндіретін «GSR Lactik ltd» кәсіпорнының тыныс-тіршілігі құптарлық. Өн­ді­ріс орны 2008 жылдан бері дәмділігі мен сапасы жағынан тұтынушы көңілінен шығып, сұ­ранысты арттыратын тағам түр­лерін шығарып, уақыт озған сайын тәжірибелерін толықты­рып отыр. Алғашқы жылдары сүт, айран, қаймақ қана әзірленсе, енді қатық, кілегей, сүзбе, сары май, йогурттың төрт, ірімшік, сырдың 30-ға тарта түрлерін дайындауда. Өнім арнайы зертханада тексеруден өтіп, сапасы қа­таң қадағаланады. Өнім сақтай­тын тоңазытқыш та жұмыс істейді. Дайын өнімдер өңірдің түк­пір-түкпіріне үздіксіз жөнелті­луде. Талдықорған мен Алматы қаласындағы арнайы нүктелер арқылы шаһарлықтардың азық-түлікке деген сұранысын қанағат­тандырып, саудалануда. Сүт өнім­дерін әзірлеуге қажетті ескірген қондырғылар тұтастай жаңар­тылуда. Сондай-ақ, өндіріс заман талабына сай кеңейтілмекші. Келешекте өнім көлемін отыз бес тоннаға дейін жеткізу көзделген. Әсіресе, балаларға арналған дә­ру­менге бай өрік-мейіз қосылған тағам түрлерін шығару қолға алын­бақшы. Негізгі шикізат сүтті ауыл шаруашылығымен айна­лысатын шаруа қожалықтарынан жиналады екен. – Көбіне сүттің жеткіліксіздігінен өңір халқын түгелдей өз өнімдерімізбен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Мақсат сүтті мол беретін асыл тұқымды сауын фермасын ашу. Сонда ойлаған міндеттер толық жүзеге асыры­лады, – дейді бас инженер Нау­рыз Орындыбаев. Қазір кәсіпорында 70-тен астам адам жұмыспен қамтылса, олардың қайтарымды еңбек етуіне барлық жағдай бар. Мәселен, жоғары оқу орнын бітірген жас мамандарды жұмыстың қыр-сырын білетін, техниканы жетік меңгерген тәжірибелі жандар қамқорлыққа алуда. Ұтымды ұйымдастырылған жұ­­мыс нәтижесінде еңбек өнім­ділігі артуда. Мәселен, бастапқыда күніне жарты тоннаға жуық өнім өндірілсе, қазіргі кезде бұл көрсеткіш жиырма бес тоннадан асып түсті. Кәсіпорын ұжымы Қазақ­стан Республикасы Президен­тінің «Сапа саласындағы жетістіктері» конкурсы мен респуб­ли­калық «Алтын сапа» көрме­сінде белсенділік танытып, «Ал­ғыс хатпен» марапатта­лып­ты. Ауыл шаруашылығын да­мытуда қосқан үлестерімен  кә­сіби шеберлігі, жоғарғы өн­дірістік көрсеткіштері үшін әр кезде алдыңғы орындардан көрінген. Халқымыздың салт-дәстү­рін алға апарған кәсіпорынның Елбасы Жолдауын қызу қуат­тайтыны анық аңғарылады. Әде­мі қапшықтардағы дайын өнім тұтынушыға осылай то­лас­сыз жол тартуда. Бұл отан­дық кәсіпорындағы отандық өнім. Ал, олардың алдағы  жос­парлары да көп. Игі ізденіс, еселі еңбек арқылы оны да жүзеге асыруға болатындығы анық. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.