• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Дәрігерлер сыйлық алды

323 рет
көрсетілді

Облыста соңғы жылдары ден­саулық сақтау саласын қаржылан­ды­руда анағұрлым ілгерілеушілік бар.  Бұл көрсеткіш 2011 жылы 25,0 млрд. теңге құрап, 2004 жылмен салыс­тыр­ғанда, бес есе артты. Үш ауданда туберкулез, екі ауданда орталық ауруханалар, облыс орталығында екі емхана, 200 кереуеттік балалар ауру­ха­насы пайдалануға берілді. Облыс әкімі дәрігерлерге «Шапағат» сый­лы­ғын тағайынған еді. Ақ халат­ты абзал жандардың биылғы төл мерекесінде оның иегерлері анықтал­ды. «Үздік аурухана» номинациясы бо­йынша Темір, Алға, Әйтеке би аудандық ау­ру­ханалары және «Ша­ғала» сана­ториясы жеңімпаз болды. «Үздік емхана» номинациясы бо­йын­ша  СПИД-ке қарсы күрес орта­лықтары және қалалық балалар ем­ханасы  алдыңғы орындардан көрін­ді. «Үздік дәрігерлік амбулатория» номинация­сы бойынша Петропавловск, Дөң жә­не Жаңажол дәрігерлік амбула­ториялары жеңімпаз деп та­нылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.