• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Қалай оқуға болады?

548 рет
көрсетілді

Қайда оқуға түсуге болады? Бұл барлық қа­зақстандық мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын мазалайтын мәселенің бірі. Құжаттар қабылданып, емтихандардан өтіп, студент оқуға кірісуге дайын болған кезде «Мен қалай оқимын?» деген басқа сұрақ туындайды. Мектеп қабыр­ға­сынан шыққан жастар жоғары оқу орнына бейімделу проблемасына тап болып, өзінің қабі­лет­тіліктерін бағалай алмайды және Қазақстанның өскелең ұрпағының алдында бұрынғыдан да көк­жиегін кеңінен ашатын жаңа мүмкіндіктер туралы білмейді. Оқушылардың өз болашағын құруда қан­шалықты «тасы өрге домалағаны» көбіне-көп мек­теп пен жоғары оқу орындарының қалай ты­ғыз әріптестікте болғанына және олардың бір-бірінің қажеттіктерін қалай елеп-ескергендігіне байланысты болмақ. Орта білім беру өкілдерімен әріп­тестік қарым-қатынастарды қолдай­тын табысты жоғары оқу орнының жарқын мысалы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инс­титуты (ҚМЭБИ) болып табылады. ҚМЭБИ-де білім беру тұрғысы қазақ­стандық басқа жоғары оқу орындары жүйесінен көп жағынан айырма­шы­лы­ғы бар, сондықтан институт оқу­шы­лар­ды студенттік өмірге дайын­дауға белсенді түрде қатыса отырып, талапкерлер мен мектеп әкімшілігіне Қазақстанның өскелең ұрпағының ал­дынан ашылатын жаңа мүмкін­дік­тер туралы ақпарат береді. Жақында ғана әкімдіктер мен білім басқармасының қолдауы бары­сын­да жоғары оқу орны мен орта оқу ор­ындары әкімшілігінің арасындағы өз­ге­ше диалог болып табылатын «ҚМЭБИ көктемгі қабылдаулар» топ­та­масы аяқ­талды. Үстіміздегі жылы осындай қа­был­дау Алматыда үшінші рет өтіп от­ыр. Астана, Шымкент, Ақ­төбе және Аты­рау қалаларында бұл шара бірінші рет болды. Бес қаладағы 80-нен аса мектеп оқушыларды дай­ын­дау сапа­сын мойындау белгісі ретінде ҚМЭБИ-ден құрмет грамота­ларын алды. Сонымен қатар, ҚМЭБИ бүкіл ел бойынша университеттер мен мектептерде институттың жетекші про­фес­сорларының қатысуымен қонақ­кәде лекциялар, ағылшын тілі мұ­ға­лімдеріне арнап шеберлік сынып­та­рын ұйымдастырады, сондай-ақ жо­ға­ры сынып оқушыларына арнап ақы­сыз негізде сабаққа қатысу арқылы білімді сапалы түрде жақсарту мақ­сатымен ағылшын тілі мен математика әуесқойлары үшін клубтар ұй­ым­дастырылды. Ал кәсіби бейімділік семинарлар аясында мектеп түлектері ҚМЭБИ ұсынған мамандықтар бой­ын­ша табысты мансапты қалай жа­сауға болатыны туралы толық ақпа­рат алуларына болады. Сонымен, 16 маусымда Шымкент қаласында ҚМЭБИ әлдеқашан дәс­түр­ге айналған, яғни болашақ студенттер мен олардың ата-аналарына арналған шара – «Бірінші курс сту­ден­тінің күні» мерекесін өткізді, онда ҚМЭБИ өкілдері студенттермен және түлектермен бірге балаларды студенттік өмірге дайындап, сонымен қа­тар өздерін ҚМЭБИ-де күтіп тұр­ған жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар туралы әңгімелеп берді. Ал, 25 маусымда «Бірінші курс студен­тінің күні» Астанада өтпек. Осындай шаралардың нәтиже­сін­де талапкерлер 10 пайыздан 100 пай­ыз­ға дейін қаржылық қолдау алу мүм­кіндігі, тек ҚМЭБИ-дегі оқуға ғана төлеп, Солтүстік Американың, Еу­ропа мен Шығыс Азияның 70 уни­верситетінің бірінде алмасу бағдар­ла­масы бойынша оқу мүмкін­дігі, сон­дай-ақ осы жылы іске қосылатын құ­қықтану саласындағы көптен күткен бакалавриат бағдарламасы (LL.B) сияқты ҚМЭБИ-дің артықшы­лық­та­ры жайлы толық біле алады. ҚМЭБИ академиялық мәселелер жөніндегі деканы, доктор Дэйна Сти­венс­тің айтуы бойынша, «оқушы­лар­ды қарқынды оқуға мектеп парта­сы­нан бастап дайындау қажет. Бұл олар­дың жаңа академиялық жағдайларға жылдамырақ бейімделіп, оқуда және болашақ мансабында үлкен табыс­тар­ға жетуіне көмектеседі. ҚМЭБИ мек­тептердің жоғары мақсаттарға қол жеткізуіне көмектесуге әрдайым даяр, бұрынғыдан да көп гранттар бө­ліп, талантты оқушыларға қаржы­лық қол­дау көрсетуге тырысады. Біз та­лапты және еңбек сүйгіш студенттерді қол­дай отырып, білім саласында үнемі оқ бойы озық тұрамыз». Әр түрлі студенттік шараларға қатысу (ол ҚМЭБИ-де 30 шақты), шетелде оқу тәжірибесі, төрткүл әлем­нен келген көрнекті профессорлардан дәріс алу мүмкіндігі, интернацио­нал­дық студенттер контингенті, Қазақ­стан­ның бизнес саласындағы көш­бас­шылардың шеберлік сыныптары – бұл жоғары білікті мамандар қа­лып­тастыратын бірегей тәжірибе. Нақ осы­ның нәтижесінде 20 жыл дерлік ҚМЭБИ түлектері қазақстандық ең­бек нарығында жоғары бағаланып келеді. «Менің ойымша, ҚМЭБИ-дегі та­быс кепілі, бұл жоғары оқу орнының тек теориялық білімге ғана емес, жеке тұлғаны, көшбасшылық қасиеттерді және студенттерде сындарлы ойлауды дамытуға көп көңіл бөлетіні болса керек еді, дейді ҚМЭБИ-дің 4-курс студенті Ерманов Дәулет, біз үнемі өзге­ше бизнес ортада боламыз, жаңа жобалар жасаймыз, нәтижеге қол жеткіземіз және жеңіліске төзе білеміз, бір тұрып, бір жығыламыз, бәрін қай­тадан жасаймыз, бірақ әрдайым алға қарай жылжимыз. Мақсатқа ұм­ты­лушылық, батылдық және перс­пек­тиваларды көре білу – міне, осының бәрін ҚМЭБИ береді. Жас кәсіби ма­мандардың нені үйрену керектігінің ең басты шарты осы деп есептеймін». Лейла АЙДАРБЕКОВА. *  *  * ҚМЭБИ Алматы қаласында қа­былдау емтихандарына құжаттар қа­­былдауын жалғастырады: 2011 жыл­дың 22 маусым, 20 шілде, 3 та­мы­зы­на дейін. Кез келген мәселелер бой­ынша Алматыдағы 270-42-13, 270-43-20 телефонына хабарласы­ңыз­дар немесе admis@kimep.kz эл­ек­трон­дық поштасына хат жазыңыздар.