• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Нотариаттық қызмет жетілдірілетін болды

419 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палатаның сәрсенбі күнгі жалпы оты­рысында бірқатар заң жобалары мақұлданды. Әуелі «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда талқыға түсті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Әділет министрінің орын­ба­са­ры Әмірхан Аманбаев баяндама жасап, Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитетінің мүшесі Зағипа Балиева қосымша түсінік берген осы заң жобасымен зият­керлiк меншiк құқығы мәселе­ле­рiн реттейтін қолданыстағы заң­на­малық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделген. Азаматтық кодекске енгізіліп отырған өзгерістер әртүрлі тауар­ларды, жұмыстарды және қыз­мет­терді дараландыру құрал­да­ры­­ның тіркеу басымдығын заң­на­малық деңгейде реттеуге бағыт­талған. Өйткені, қазіргі таңда бір-біріне ұқсас немесе араласып кеткен бірдей тауар таңбалары мен фирмалық атауларды тіркеу барысында мәселелер туындай­ды. Бұдан басқа, жобаға сәйкес кез келген тұлға уәкілетті органға тауар таңбаларының пайдала­ны­л­­мауына байланысты оны жарам­сыз деп тану туралы қарсылық беруге құқылы болып табылатын тауар таңбаларын пайдаланбау мәселелері бойынша заңнамалық актілердің нормаларын бірдей қолдану көзделіп отыр. Қазақстан Республикасының Бү­­кіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруі шарттарының бірі ұлттық заң­наманың нормаларын Ұйым шең­бе­рінде жасалған          Зияткерлік меншіктің сауда аспектілері бойынша (ТРИПС) келісім­нің талап­тары­на сәйкес келтіру болып табылады. Осыған байланысты «Тауар таң­балары, қызмет көрсету таң­ба­лары және тауар шығарылған жерлердің атау­лары туралы» Заң­ға енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар тауар таң­ба­ла­ры мен географиялық көрсет­кіш­­терді тіркеу басымдығын реттейтін нормаларды жетілдіруге және заңна­ма­ны халықаралық құқық нормаларымен үйлестіруге ба­ғыт­талған. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Келесі кезекте Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шартқа қаты­сушы мемлекеттер арасындағы хаттаманы бекітуді көздейтін екі заң жобасы қара­лып, толықтай мақұлданды. Заң жо­ба­ларының мақсаты туралы Қорға­ныс ми­нис­трінің орынбасары Әсет Құр­манғалиев баяндама жасады. Ха­лықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Исақұлов қосымша түсі­нік берді. Сондай-ақ «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер мен толықтыру­лар енгізуді қарастыратын заң жо­басы талқыланды. Бұл заң жо­басы но­та­риаттық қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру және сыбайлас жем­қор­лыққа жағдай жасайтын бір­қатар нормаларды алып тастау мақсатында әзірлен­ген. Осыны ескерген депутаттар бірқатар талқы­лаудан соң заң жобасын мақұлдау керек деп шешті. Сондай-ақ «Қазақстан Рес­пуб­лика­сының кейбір заңнама­лық актілеріне экологиялық мә­се­лелер бой­ын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқы­ға шығарылды. Мә­жілістің Эко­ло­гия мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі Владимир Нехорошев баяндама жасап, заң жо­басы туралы жан-жақ­ты мағлұмат берді. Заң жоба­сы­ның бірінші оқылымда қабыл­дан­ған бірқатар нормаларының ре­дакциясы нақ­ты­ланып, жетілдірілген. Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.