• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Атқарушы директормен кездесті

361 рет
көрсетілді

22 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Атқарушы директоры Чинар Алдемирді қабылдады, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Қабылдау кезіндегі әңгі­меде Қазақстан сыртқы саясат ведом­ствосының басшысы АӨСШК уақыт өткен сайын әлемдік қо­ғам­дастықта жоғары беделге ие болып келе жатқанын атап өтті. Министрдің атап өтуінше, бұған БҰҰ-ның Кеңесті Орталық Азия­дағы, сондай-ақ Ауғанстандағы тер­роризммен күрес жөніндегі жұ­мыс тобына кіргізгені және ЕҚЫҰ-ның жанжалдардың ал­дын алу бойынша  жұмыс тобына енгізгені нақты дәлел болады. Ержан Қазыханов, сондай-ақ Түр­кияның АӨСШК төраға­лы­ғы­на қолдау көрсеткені үшін ресми Анкараға алғыс айтты. Оған мы­сал ретінде Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Австрияға мемлекеттік сапары барысында АӨСШК-нің негізгі басымдық­та­ры­на арнал­ған тұсаукесерді келтірді. Қабылдауда тараптар осы жыл­­дың күзінде Нью-Йоркте өте­тін БҰҰ Бас Ассамблеясы кезекті отырысының алаңында АӨСШК Сыртқы  істер министр­лерінің бейресми кеңесін шақыру жөніндегі Түркияның ұсынысын да талқылады. Кездесу кезінде министр Атқарушы директорды осы маусым айының соңында Астанада өтетін ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сес­сия­сының күн тәртібімен таныс­тырды. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.