• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2011

Жолаушылар жағдайын ойластырған жөн

358 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы және Астана қаласы сайлаушыларының Астана-Новосібір (371/372 пойыз) және Барнаул-Лениногор (391/392 пойыз) бағыттарындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысын жаңғырту туралы бірнеше мәрте көтерген мәселелері менің де қолыма қалам алуыма негіз болып отыр. 2011 жылғы маусымнан бастап жазғы уақыт­қа көшуге байланысты осы бағыттағы пойыздар қозғалысы кестесінің өзгеруі жолаушылар үшін елеулі қолайсыздықтар және олардың тарапынан наразылық тудырып отыр. Көптеген жылдар бойы осы бағыттағы жалғанбалы вагондар жолаушылардың үздіксіз және қолайлы қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етіп келді. Қалыптасқан жағдайға байланысты Көлік және коммуникациялар министрлігі тиісті шаралар қабылдаса дұрыс болар еді. Төлеген ЫБЫРАЕВ, Мәжіліс депутаты.