• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2011

Аналарды ардақтайық

612 рет
көрсетілді

Менің қолыма қалам алуыма Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Құдайберген Ержанның өтініш-хаты себеп болып отыр. Хатта өтініш иесі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың аса зор мақ­сат­керлікпен жүргізіп келе жат­қан белсенді әлеуметтік саяса­ты­ның арқасында аналардың қоғам­дағы ахуалының жақсара түске­нін, соның айғағы ретінде «Қа­зақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» За­ңына өзгерістер енгізіліп, алты және жеті бала туып, өсірген ана­ларға 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап тиісінше «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқалары беріліп жатқанын, бұл шараның еліміздегі демографиялық ахуал­ды жақсарта түсетінін айта келе, көп балалы аналарымызды осы наградаларға ұсыну барысында туындап отырған кейбір кемші­лік­тердің бар екендігіне де назар аударады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына сәйкес, «Алтын алқа» алқасы­мен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте, «Күмiс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жас­қа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады деп көрсетілген. Ал, осы уақытқа дейін алты не­месе жеті бала туып, өсірген­мен, сол балалардың біреуі немесе екеуі бір жасқа және одан үл­кен жасқа толғаннан кейін, тіпті өздері отау құрып, бала-шаға­ла­лы болғаннан кейін қайтыс бол­ған отбасындағы аналар аталған наградалармен марапатталу құ­қы­ғынан айырылып отыр. Осын­дай аналардың саны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауда­нының өзінде 200-ден астам екенін ескерсек, аталған жағдай елі­міздің кез келген өңірлерінде қа­лыптасып отыр деуге болады. Ана үшін бала туып, тәрбие­леу қаншалықты қиын әрі жауап­ты іс болса, көп балалы ана атану үлкен бақыт, ал тағдыр тауқыметі сол балаларының біреуінен немесе екеуінен айырса, бұл ана үшін орын толмас ауыртпашылық әке­ле­тіні анық. Ал, алты немесе жеті бала туған ана сол балаларының біреуінен немесе екеуінен айы­рылып қалса да, аналық боры­шын барынша атқарғанын ескерсек, ол ананың жүрек жарасын сәл де болса жеңілдетер еді. Жоғарыда айтылғандардың не­гізінде ел Үкіметі Отаны­мыз­дағы демографиялық жағдайды жақсарту және көп балалы ана­ларды әлеуметтік қолдау мақса­тын­да аталған санаттағы аналар­дың қайтыс болған балаларын қосқанда алты немесе жеті бала туып, өсіргенін растайтын құжат­тары болса, оларға да басқа аналармен қатар көп балалы ана мәртебесін беріп, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларымен марапаттауды көздейтін тиісті өзгерістерді «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік награ­да­лары туралы» Заңына енгізуге ықпал етсе, сауапты іс атқарғаны болар еді. Қуаныш АЙТАХАНОВ, Сенат депутаты.