23 маусымда Парламент Мәжілісі Аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің ант беру рәсімі өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімді Аппарат басшысы Ерген Дошаев кіріспе сөзбен ашты. Ал қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдірілген тәуелсіз Қазақстанның қызметкерлері өздерінің биік жауапкершілігін сезіне отырып берген антында Қазақстан халқына адалдық танытып, Президенттің саясатын біліктілікпен жүргізетіндіктерін мәлімдеді.
Ант беруші жастарды аға буын атынан Мәжіліс депутаты Зейнолла Алшымбаев құттықтап, өзінің ұзақ жылдарғы мемлекеттік қызмет тәжірибесінен әңгіме айтып берді. Ант беруші жас мамандар атынан Халел Ыбырай сөз алып, әріптестеріне алдағы мемлекеттік қызмет ісінде қажыр-қайрат, біліктілік тіледі.