• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2011

Неліктен төмен зейнетақы алатынын түсінбейді

325 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесі қайта құрылғалы бері 13 жыл өтті. Бірлескен жүйеден дербес жүйеге өту, әрине, өте қажет және уақтылы болды. Өткен жылдары салааралық қайта есептеу және негізгі зейнетақыны ендіру секілді зей­нет­ақы төлемдерін жаңаландыру бойынша Үкі­метпен қабылданған шаралар зейнеткерлердің зейнетақысының жоғарылауында белгілі рөл атқарды. Соңғы 3 жыл ішінде зейнетақының тиісінше 25%, 30%-ға жоғарылауын аға ұрпақ Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың арқасы деп біледі. Дегенмен де, «Нұр Отан» партиясы фи­ли­алдарында сайлаушылармен жеке мәселелер бойынша кездесулерде 1998 жылға дейін және эко­номиканың тоқырау кезінде зейнетке шық­қан зейнеткерлер көптеп өтініш жасауда. Олар­дың өтінішінің себебі, зейнетақысын есептеу және қайта есептеудегі әлеуметтік әділетсіздік, яғни есептелген зейнетақының сол кезде алған жалақы мен атқарған еңбекке сәйкес еместігі болып табылады. Ал бірлескен зейнетақы жүйе­сінде зейнетақының негізгі есебін еңбек өтілі мен жалақы құрады. Бұл жағдайда бірлескен жүйе зейнеткерлері өздеріне тағайындалған зайнетақыларын қазіргі таңда жалақы өсу есебінен жоғары зейнетақы есептелетін сол бір жұмыс орны бойынша салыстыруда. Өтініш жасаушы азаматтар 30 жылдан 45 жылға дейін еңбек өтілі және зейнеткерлікке шыққан кезде жоғары айлыққа ие бола отырып, бүгінгі таңда неліктен төмен зейнетақыны алатынын түсінбейді. Мәселен, соңғы 2,5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне аталған мәселе бойынша 200-ден астам хат жолданған. Бұл зейнетақы есептеуде әлеуметтік әділетсіздік орын алып отырғанын көрсетеді. Яғни еңбек құқығының ақшалай құнын қайта бағалау жаңа айырбастауды талап етеді. Қазіргі таңда бұл валоризация деп аталады. Валоризация тәжірибесі Ресей Федерация­сын­да 2010 жылы енгізілген «жеке зейнеткер коэф­фициенті» арқылы айырбастау түрінде жасал­ған. Яғни, айырбастау өтіл мен жалақы бойынша есептелген ескі заңдылықта адамдар жинаған зейнетақы құқықтарын зейнетақы капиталына айналдыратын жүйе. Енді Үкімет мемлекеттік зейнетақы қорла­ры­на өндірістік аударымдар мен енгізілген ең­бек­ке сәйкес келмейтін зейнетақы бойынша тиісті органдарға бұл мәселені талдап, «Қазақстан Рес­публикасында зейнетақымен қамсызданды­ру туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы нақты ұсыныстары бар тапсырма беруі керек деп білеміз. Әлеуметтік әділетсіздікке ұшырап отырған зейнеткерлерге шынында да обал-ақ. Ольга КИКОЛЕНКО, Мәжіліс депутаты.