Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық конкурс жарияланған болатын. Журналистер мерекесі қарсаңында осы конкурстың қорытындысын жариялады.
Сонымен конкурс ережесіне сәйкес – «Үздік автор» номинациясы төрт бағытта бағаланды. Олар: баспасөз, телеарна бағдарламалары, радио хабарлары және сайт материалдары.
Қазылар алқасының шешімімен І орынды – Ақмола облысы «Арқа ажары» газетінің тілшісі Қайырбай Төреғожа, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы – Сүлеймен Мәмет, «Қазақстан» телеарнасының комментаторы Гүлназ Айтақова иеленсе, ІІ орын – «Айқын» газетінің тілшісі Кәмшат Тасболатоваға, Батыс Қазақстан облыстық «Информбиржа» газетінің тілшісі Наталья Жуковаға, Ақтөбе облыстық телеарнасының қызметкері Аягөз Патилақызы мен Қазақ радиосының қызметкері Оңғарбек Құраловқа бұйырды. Ал «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы Динара Ізтілеу, «Алаш айнасы» газетінің тілшісі Сәкен Көкенов, «7» телеарнаның «Нысана» бағдарламасының тілшісі Сәкен Әбдиев, Ақтөбе облыстық «РИКА-ТВ» журналисі Жанаргүл Досова ІІІ орын алды.
Берік САДЫР.
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.