Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммедтің бұйрығымен Баспасөз, телевидение және радио күніне орай баспасөз саласының бір топ қызметкері Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. Олар: Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі Бақтыбай Бердібаев, Қызылорда облысы Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Өркен Исмаил, «Казахстанская правда» республикалық газетінің» шолушысы Наталья Курпякова, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Асханкүл Майлыбаева, Қазақстан жазушыларының әдеби-әлеуметтік «Жұлдыз» журналының бөлім редакторы Ділдар Мамырбаева, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары Самат Мұса, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамы Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Жанұзақ Мүсәпір, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Көсемәлі Сәттібаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы Александр Тасболатов, республикалық «Айқын» газетінің шолушысы Төрағали Тәшенов.