• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2011

«Егеменнің» ардагері – құрметті қаламгер

369 рет
көрсетілді

Елімізге танымал қаламгер Қазихан Қаб­делдің журналистік шеберлігін, оның қаламынан туған көкейкесті мақала­ла­рын жұртшылық жақсы біледі. Оның «Еге­меннің» Атыраудағы меншікті тілшісі болған 15 жылдай мерзімде мұнай­лы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркен­деуіне, түйінді мәселелерінің оң шешілуіне қосқан үлесі айрықша. Зейнеткерлік демалысқа бас басылымнан шыққан ардагер-қаламгерге «Қазақ­стан­ның құр­метті журналисі» атағы берілді. Кәсіби мереке қарсаңында «Еге­меннің» ардагеріне құрметті атақтың куәлігі мен өңір белгісін Қазақстан журналистер одағы Атырау филиалының төрағасы Қуандық Батыров салтанатты шара барысында табыстады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.