Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жапония, Польша және Германия елдерінің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
«Жапония елшісі Ю.Харадамен, Польша Елшісі Я.Ключковскиймен және ГФР елшісі Р.Шлагетермен кездестім», – деп жазды Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасында. Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жапония елшісі Юдзо Харадамен кездесуі барысында мыңдаған адамдардың өмірін қиған жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аясында сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.