• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 133

1663 рет
көрсетілді

2011 жылғы 5 сәуір      Астана қаласы «Оқу процесін қашықтықтан білiм беру  технологиялары  бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 169 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес  бұйырамын: 1. «Оқу процесін қашықтықтан білiм беру  технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі  № 169 бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 6242 тіркелген және «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) санында жарияланған)) мынадай өзгеріс  енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген  Оқу процесін қашықтықтан білiм беру  технологиялары бойынша ұйымдастыру ережесінде: 4-тармақта «жоғары оқу орнынан кейінгі білім» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін  қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр                Б. ЖҰМАҒҰЛОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 25 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6898 болып енгізілді.