• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2011

Француз компаниялары өкілдерімен кездесті

352 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Фран­цияға ресми сапары барысында француздық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Кездесуде экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимылдың болашақ бағыттары тал­қыланды. «MEDEF штаб-пәтерінде Францияның ірі ком­паниялары, экономикалық ұйымдары басшылары­ның қатысуымен жұмыс бабындағы таңғы ас өтті», – деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов Twitter-дегі парақшасында. Премьер-Министр осы ресми сапары барысында «Total E&P» компаниясының президенті И.Даррикаррермен, «ALSTOM» басқармасының төрағасы П.Кронмен, «VALLOUREC» басқармасының төрағасы Ф.Крузэмен, «AIR LIQUIDE» вице-президенті Г.Сальц­гебермен, «DANONE» бас директоры Ф.Кегельспен, «THALES» компаниясының президенті Б.Жаэжэрмен, «GDF-SUEZ/ SUEZ-ENVIRONMENT» дипломатия­лық кеңесшісі Д.Симонномен, «EADS-EUROCOP­TER» прези­денті Л.Бертлингпен, «AREVA» басқарма­сы­ның төр­айымы А.Ловержонмен, «SAGEM ­DEFENSE SECURI­TE» бас директоры Ф.Маззантимен кездесті.