• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2011

Бауырлас қалалар ынтымақтастығы

600 рет
көрсетілді

Өткен сенбіде Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға ресми сапармен келген Анкара мэрі Мэлих Гокчекті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы қаты­нас­тарды одан әрі нығайту мәсе­ле­лері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Түркия Қазақстанның маңыз­ды стратегиялық әріптесі болып табылады, біздің халықтарымыз­ды ортақ мәдени және тарихи та­мырластық, тіліміздің жақын­ды­ғы байланыстырады, деді Қ.Мә­ми. Астана мен Анкара ара­сын­дағы бауырлас қалалар ретіндегі қатынастарды атап өте келіп, Төраға экономикалық даму, саяси және әлеуметтік жаңғыру сала­сын­дағы мемлекет алдында тұр­ған міндеттерді табысты шешуде Қазақстан елордасы ерекше орын алатынын атап өтті. Төраға, сондай-ақ парламент­аралық байланыстарды екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бөлігі болып табылатындығын, биылғы жылы сәуір айында Астанада өткен ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысының нәтижелерін жоғары бағалады. Ал М.Гокчектің айтуынша, Қа­зақ­­стан мен Түркия елорда­ла­ры ара­сындағы бауырластық байланыстар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді. «Егемен-ақпарат».