Бүгіндері Астанада жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығы белгілі. Бұл ретте елорданың оң жағалауындағы автожол инфрақұрылымын жақсартуда жол құрылыс жұмыстары маусымның басында Астана қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 23,7 шақырым жол салуды, 10 шақырым жолды жөндеуді 18,5 шақырым жолды қайта жаңартуды, сондай-ақ қалаға қосылып кеткен тұрғын алаптарындағы 55,7 шақырым жол салуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта 9 ірі нысандарға құрылыс жүргізілуде десек, соның бірі Жеңіс даңғылы мен Иманов көшелерін қайта жаңарту. Жеңіс даңғылын қайта жаңарту жобасын іске асыру әлеуметтік және экономикалық мәселелерді кешенді шешу мәселесіне арналып, жалпы халықтың тұрмысын жақсартуға арналған. Аталған жоба төрт кезеңде іске асырылмақ. Қазір бұл жобаның бірінші және екінші кезеңдері қолға алынған. Вокзалдан Есенберлин көшесіне дейін жүретін жол қамтамасыз етілсе, қамтылған аймақтарды жайластыру бойынша да жұмыстар өз ретімен өрбуде.
17 маусымнан бағдарламаның үшінші және және төртінші кезеңіне кірісу жұмысы жоспарланған. Осыған байланысты аталған күннен Ә.Молдағұлова көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін және осы даңғылдан Кенесары көшесінен бастап Жеңіс даңғылына дейін жол қатынасы жабылмақ.
Бұрынғы салынған құрылыс жүйелері бойынша коммуникация желілері Жеңіс даңғылының барлық ұзындығы бойынша өзара байланысты жүйемен қалыптасқан. Жылу беру маусымына дейін құрылыс жұмыстарын үлгеру үшін және тұрғындарды болашақта сумен үздіксіз қамтамасыз етіп тұру үшін аталған көшенің инфрақұрылымын толық жабу жөнінде шешім қабылданған.
Иманов көшесін қайта жаңарту жұмыстары үш кезеңмен жүзеге асырылады. Оған Янушкевич көшесінен Брусиловский көшесіне дейін, Брусиловский көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін және Уәлиханов көшесінен Республика даңғылына дейінгі учаскелерді кезең-кезеңмен қайта құру жоспарланған. Қазіргі таңда бұл кешенді шаралардың бірінші кезеңі аяқталу үстінде.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.