• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

402 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру  және Алғысын жариялау туралы 1. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыртуды ақ­параттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құрал­да­рының зор рөлін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің бұқаралық ақпарат құ­ралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі қоғам­дық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мыналарға берілсін: Асқар Амангелдіұлы Әукеновке – «Панорама» газеті бас редакторының орынба­са­ры, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінің өзекті мәселелеріне арналған талдау мақалалар топтамасы үшін; Сағымбай Қабашұлы Қозыбаевқа – Қа­зақстан жур­налистикасы академиясының президенті, отандық журна­листиканы дамытуға және қазақстандық журналистердің жаңа тол­қы­нын тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін; Сергей Владимирович Кузовниковке – «Аргументы и факты Казахстан» газетінің бас редакторы, Қазақстан Рес­пуб­ликасының сырт­қы және ішкі саясатындағы өзекті қыр­лары­на арналған мақалалар топтамасы үшін; Юрий Михайлович Солозобовке – ресей­лік сая­сат­танушы және публицист, «Қа­зақ­стандық жол: Тәуелсіздік хроникасы» атты көп сериялы деректі фильмі үшін; Болатбек Көрпебайұлы Төлепбергенге – «Шалқар» радиосының бас редакторының орынбасары, Қазақстанның жаңа тарихына арналған талдау мақалалар топтамасы үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары мыналарға тапсырылсын: Марк Қабдығалиға (Марк Айсбергке) – Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті, әлеуметтік-саяси проблемалар жөніндегі өзек­ті мақалалар топтамасы үшін; Әлисұлтан Мұқанәліұлы Құланбайға және Жақсыбай Баянұлы Самратқа – «Егемен Қазақстан» газетінің шолу­шы­лары, елімізді әлеуметтік-саяси жаңғыртудың өзекті қыр­ларын жария етуге бағытталған мақала­лар топтамасы үшін; Тілеуқабыл Үсенұлы Мыңжасарға – «Хабар» агент­тігінің Алматы облысы бой­ын­ша меншікті тілшісі, өңірде аграрлық саланы дамыту мәселесіне арналған материалдар топ­тамасы үшін; Максим Валерьевич Шиманскийге – «Казахстанская правда» газетінің саясат бө­лімінің редакторы, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымына төрағалығы және сыртқы саясат туралы материалдар топтамасы үшін; «Арқа ажары» газетінің шығармашы­лық ұжымына – өңірдің қоғамдық-саяси өмі­рі мен әлеуметтік-экономикалық даму мә­селелерін терең ашып көрсеткені үшін; «Заң газеті» мен «Юридическая газета» газеттерінің шығармашылық ұжымдары­на – құқықтық реформаның үдерісін белсене жариялағаны және халықтың құқықтық мә­дениетін дамытуға қосқан үлесі үшін; мыналарға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жариялансын: Нұржамал Тегінбайқызы Байсақало­ва­ға – «Алматы ақшамы» газетінің денсаулық және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, БАҚ-та әлеуметтік саланы дамыту, саламатты өмір салтын нығайту мәселелерін жария­ла­ға­ны, ана мен бала проблемаларын шешуге қосқан үлесі үшін; Серікбек Мейрамбекұлы Жанболатқа – «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы, отан­дық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін; Гүлбаршын Айтжанбайқызы Сабаева­ға – «Айқын» газетінің тілшісі, әлеуметтік-саяси жаңғыртудың өзекті қырларын жа­рия­лауға бағытталған мақалалары мен сұхбат­та­ры және Қазақстан Республикасының дип­ло­ма­тиялық қызметіне арналған «Елшілер сөйлейді» авторлық жобасын жүргізгені үшін; Зейнекүл Қатшыбекқызы Сейсеноваға – «Достық – Дружба» журналының бас ре­дак­торы, қоғамдағы ұлтаралық және конфес­сия­аралық келісімді нығайту мәселелерін жа­рия­лауға қосқан үлесі үшін; Дәулетқазы Сейсенұлына – «Егемен Қа­зақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысқа қатысу мәселелеріне арналған мақалалар топ­тамасы үшін; «Қазақстан» телеарнасының «Қазақ­тың 100 әні» те­левизиялық бағдарлама­сы­ның шығармашылық ұжы­мы­на – қазақ­стандық патриотизмді нығайтуға, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін; «Караван» газетінің шығармашылық ұжы­мына – Қазақстан Республикасының әлеу­мет­тік-экономикалық және саяси даму мәселе­лерін терең және жан-жақты жария­лағаны үшін. 2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құрал­да­рында жария­лансын. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 27 маусым. №25