• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2011

Жылы шырайлы жүздесулер

291 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесі­нің 38-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Президент ИКҰ Бас ха­т­шы­сы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті. Тараптар екіжақты ынты­мақ­тастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін, сондай-ақ ИКҰ СІМК 38-ші сессиясының күн тәртібін талқылады. – Біз Президент мырзамен Ис­лам Конференциясы Ұйымы­ның болашақ қызметін талқы­ла­дық. Биылғы жылы Қазақстан Ұйымның төрағасы болды. Біз жемісті өзара іс-қимылға сенім артамыз. Осы тарихи кездесуге дайындықтың жоғары деңгейі біз­дің қаншалықты табысты ын­ты­мақтастықта екенімізді көр­сетті. Енді бізде жаңа идеялар, жаңа жобалар, тіпті жаңа эм­бле­ма пайда болды. Біз қазір ИКҰ жанынан адам құқықтары жө­нін­дегі комиссияның құрылуы үшін жұмыс істеудеміз және бұл Ас­та­на­дағы кездесудің тағы бір негізгі жетістігінің бірі болмақ, – деді Э.Ихсаноғлы. *  *  * Мемлекет басшысы Халық­аралық әлем институтының пре­зиденті Терье Ред-Лар­сен­мен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сон­дай-ақ ИКҰ СІМК 38-ші сес­сия­сының күн тәртібі талқыланды. – Жоғары Мәртебелімен кездесуіміз кезінде мен Президентке жақында ғана өзімнің Синга­пур­дың негізін қалаушы Ли Куан Ю-мен кездескенімді айттым. Сингапур – бұл нағыз ғаламат ел. Және Ли Куан Ю, осы елдің лидері – сингапурлық кереметтің негізін қалаушы. Мен Мемлекет басшысына, Қазақстан соңғы 20 жыл ішінде дамудың таң­ға­лар­лық қарқынын көрсеткен ғажап ел болып табылатынын айттым. Қазақстан лидері – қазақстандық кереметтің құрушысы. Астана­ның көшелерімен жүріп өтіп, соңғы 20 жыл ішінде пайда бол­ған таңданарлықтай әрі адам нан­ғысыз өзгерістерді өз көзіңмен көруге болады, – деп атап өтті Т.Ред-Ларсен. *  *  * Мемлекет басшысы Білім,   ғылым және  мәдениет мәсе­ле­лері  жөніндегі  Ислам  ұйы­мы­ның (ИСЕСКО) бас директоры  Әбдел-Әзиз  Бен Осман  Әл-Туейджриді қабылдады. Ә.Әл-Туейджри Мемлекет бас­шысына осы ұйымның жоға­ры наградасы – «LSESCO Shield» алтын белгісін ислам ынты­мақ­тастығын нығайтуға, ислам әле­мін дамытуға және жаһандық дең­гейде гуманитарлық құнды­лық­тарды алға жылжытуға қос­қан аса үздік үлесі үшін тапсырды.