• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2011

Ертеңгі күннің бағдарламаcы

435 рет
көрсетілді

Халқымыздың әл-ауқатының артуы – ел экономикасының, дамуы­мыздың айнасы екені жа­сырын емес. Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман-мақсаттар мен мұраттарға қол жет­кізіп келеді. Десек те, күн са­йын жұ­мыссыз адамдардың са­ны­ның кө­беюі – басты проблема күйінде қалып отыр. Еліміздегі жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, табысы аз адамдарға көмек қолын созу жөнінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жол­дауында Үкімет пен тиісті министрліктер мен құзырлы органдарға тапсырма берген болатын. Осылайша, Елбасы­ның тапсырмасымен елімізде бұрын-соңды болмаған «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламасы әзірленіп, ағымдағы жыл­дың наурызында «Нұр Отан» пар­тиясында кеңінен талқыланып, бекітілген болатын. Еліміздің еңбек рыно­гын­дағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асы­ру үшін еңбек әлеуетін оңтайлы пай­далануға мүмкіндік беретін жаңа бағ­дарлама Үкімет отырысында да талқы­ланды. «Жалпы, бағдарламаны нақ­ты жүзеге асыру, онда белгіленген бағыт­тарды іске қосу басталар тұста бұл жайында әлі талай әңгімеленетін бола­ды. Көп мәселе бағдарламаға қатыса­тын халықтың ерік-жігерінің нәтиже­сін­де шешімін табатындығы айқын. Сондықтан бағдарлама мәнісін түсін­діру бағытындағы насихат науқаны белең алуға тиіс», – деген Премьер-Ми­нистр Кәрім Мәсімов тиісті орын­дарға тапсырмалар да берді. Жалпы алғанда, Үкімет 2016 жылға қарай бағдарламамен бір жарым мил­лионға жуық адамды қамтуды жоспарлауда. Соның нәтижесінде еліміздегі кедейлік деңгейін 6 пайызға дейін тө­мен­детіп, жұмыссыздық деңгейін 5,5 па­йыз­дан асырмай ұстап отыру міндеті көзделуде. «Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етіп, алдымыздағы стратегиялық міндеттерді тиімді іске асы­руға мүмкіндік береді деп ойлай­мыз», – дейді Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова. Халықты жұмыспен қамтудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы­ның негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын азайту, олардың тұрақты және нәтижелі жұмыс орындарына ие бо­луы­на жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың алдына өз бетінше жұмыспен айналы­сушыларды, жұмыссыздарды және та­бысы аз адамдарды анықтап, оларды жұмыспен қамтудың белсенді бағдар­ла­маларына тарту, еліміздің индустрия­ландыру бағдарламаларын жүзеге асы­ру үшін кадрлар әлеуетін дамыту, елі­міздің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін алдыға қойылып отырған жаңа міндеттер аясында жетілдіру сияқты шараларды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Сөз болып отырған осы мәселелер ескеріле келе жұмыспен қамту бағдар­ламасын іске асыру үшін бірінші кезекте халықты оқытуға, жұмысқа орналас­тыруға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастырып, осы іске жәрдемдесуге мән беріледі, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдай­да, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулеріне қолайлы жағдай туғызылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Гүлшара Әбдіқа­лықова­ның айтуынша, елімізде 2,7 млн. халық өз бетінше күн көреді. 16 млн. халқы бар мемлекет үшін бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Жаңа бағдарлама сол өзі-өзі асырап жүрген азаматтарды қамтиды. Оның ішінде, ізденушілер, аз қамтылған азаматтар мен жұмыссыздардың да мүддесі ескерілген. Қазір елімізде кедейлік деңгейі 8,2 пайызды көрсетіп отыр. Алдағы уақытта ел бойынша жұмыспен қамтылғандар саны едәуір артып, ол кедейшілік деңгейінің төмендеуіне түрткі болды. Бағдарлама ауылдық жерлерде кә­сіп­­керлікті дамытуға бағытталған. Себебі, өңірлерде тұрақты жұмыс орын­дары жоқтың қасы. Оның үстіне, жұмыссыз, өз бетінше жұмыс істейтіндер мен аз қамтылған халық ауылда тұрады. Бұл бағыт ауылда өз ісін бастап немесе кеңейтем деушілерге өте қолайлы. Бұл бағытта басты тетік шағын несие бөлу болып табылады. 5 жылға дейін 3 млн. теңге көлемінде шағын несиелер бөлінбек. Айта кету керек, бұл қаражат тұтынушылық мақ­сат­қа арналмаған. Ал қатысам деушілерге тегін кеңес, бизнес жоспарды құруға көмек беріледі және тегін кәсіп­керлік негіздерін оқи алады. Оның үс­тіне, жаңа бастаған кәсіпкерге өз ісін ашу үшін инфрақұрылым қажет болса, онда жол құрылысы, су және жылу, кәріз, телефон мен электр жүйелерін тар­ту көзделген. Бұл шығындарды да Үкімет өзіне алады. Бір айта кетерлігі, мемлекеттік бағ­дарламаға кез келген азамат қатыса алады. Билік пен бұқараның тілегін бір арнаға бастайтын дара жол осы. Ке­регің алдыңда, мүмкіндігің қолыңда. Бір сөзбен айтқанда, жаңа стратегия­лық бағдарлама – бүгіннің ғана емес, ертеңнің қамын ойлаған ұзақ мерзімді бағдарлама. Венера ТҮГЕЛБАЙ.