• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2011

Ханымдар байқауы өтті

422 рет
көрсетілді

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында  облыс әкімі  жанындағы әйелдер ісі, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комис­сия­сының  «Сезон»  журналымен бірлесіп ұйым­дас­тырған «Ақтөбе ханымы – 2011»  байқауының финалы өтті. Сұлулық байқауының ақтық сынына іріктеу турынан өткен 15 ханым балаларымен келіп қатысып, өмірдегі ұстанымдарын айтты, балалары да өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен тарихы және басқа сұрақ­тарға қатысты жауап беріп, тапқырлығы мен білімін танытты. Ғазиза  Жұбанова атындағы облыстық филар­мо­нияның әншісі Светлана Айтбаева «Ақтөбе ханымы – 2011» байқауының жеңімпазы атанды. Анасын көтермелеп келген үлкен ұлы Димаш пен қызы Раушан ән айтып, төрт жасар Әбілмансұры «Қазақстан ханымы» дегенді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатесіз жазып берді. Байқаудың бірінші орынын об­лыс әкімі аппаратының бас маманы Динара Нұр­мано­ва иеленді. Енді олар «Қазақстан ханымы – 2011» байқауына қатысып, бақтарын сынайтын болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.