Бас Прокурордың орынбасары Асқар Секішев «онлайн» режимінде азаматтарды қабылдау жүргізді. Мұндай форматта азаматтарды қабылдау Бас прокуратурада бірінші рет өткізілді. Облыс прокурорларының орынбасарлары мен жергілікті прокуратура органдарының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткен «онлайн»-қабылдауда Бас Прокурордың орынбасарына бейнеконференциялық байланыс арқылы Алматы қаласы, Ақмола және Қостанай облыстарының тұрғындары шағымдарын жеткізді. Қабылдау жүргізудің осындай түрі азаматтар тарапынан оң бағаланды.
Өтініш берушілердің сұрақтары мұқият тыңдалды. Барлық арыздар зерделеніп, шағымданушылардың бұзылған құқықтарын қайтадан қалпына келтіру және айыптыларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қолдану жөнінде нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.