Кеше Қарағандыдағы 92835 әскери бөлімнің базасында топографиялық қызмет басшыларының үш күндік жиыны басталды. Оған әскер түрлері мен тектеріндегі, өңірлік қолбасшылықтардағы топоқызмет басшылары мен топогеодезиялық бөлімдердің командирлері қатысуда.
Оқу-әдістемелік жиынына қатысушылар әскери басқару органдарын топогеодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін талқылап, «Әскери топография» мамандығы бойынша тәжірибелік және әдістемелік біліктерін пысықтайтын сабақтарға қатысады.
Оксана ПАРПУРА.