• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2011

Жаңашыл бастаманың жарқын көрінісі

538 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің демалысы уақытында жұмыс сапарымен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы шаруа қожалықтарының іргелі істерімен танысып, Асы жайлауындағы малшылар жиынына қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жетісу өңіріндегі жұмыс са­пары Еңбекшіқазақ ауданы, Бәй­терек ауылындағы «Ким А. Г.» көкөніс өсіретін жылыжай жұ­мы­сымен танысудан басталды. Ал Алматы облысының бү­гін­гі әлеуметтік-экономикалық да­муы­на көз жіберсек, биылғы жар­тыжылдықта өнеркәсіпте 190,6 млрд. теңгенің, ауыл шаруашы­лы­ғында 69,8 млрд. теңгенің өнімдері өндіріліп, өнім көлемі едәуір өскен. Сонымен қатар, жа­ңадан 29 өнеркәсіп нысандары іске қосылып, жұмыс жасап тұрған 6 өндіріс кеңейтіліп, қосымша 813 жұмыс орны құрылған. Өт­кен мерзімде жалпы аумағы 407,5 мың шаршы метр 2727 тұрғын үй пайдалануға берілген. Шағын жә­не орта кәсіпкерлік саласында 265,1 мың адам еңбек етсе, осы мерзімде тұтынушыға 203,9 млрд. теңгенің қызметі көрсе­ті­ліп, са­па­лы өнім өндіріліпті. Мал басы өз төлінен өсіріліп, өнімді­лігі де арту үстінде. Елбасының тапсырмасына ор­ай қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 147,2 млрд. теңгені құраған. Жұмыссыздықтың ал­дын алу, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері де оңтайлы шешілген. Жас ұрпаққа бәсекеге қа­білетті білім беру, халықтың ден­саулығын жақсарту, тағы басқа салалардағы жұмыс нәтижесі де қанағаттанарлық. Облыстың қарқынды дамуына Еңбекшіқазақ ауданының қосып отырған үлесі қомақты. Соңғы жылдары аталған аудан эконо­ми­касы қарқынды дамып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени да­муы шешімін тапқанын атап өткен орынды. Биылғы жылдың өткен мерзімінде өнеркәсіп сала­сында 7557,6 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, экономиканың дамуы­на биылғы алты айдағы тар­тыл­ған инвестиция көлемі едәуір. Мәселен, осы мерзімде 21348,1 млн. теңге қаржы тартылып, сүт өнімдерін шығаратын «Компания Фудмастер», «АПК Адал» акционерлік қоғамдары, асептикалық сүт өнімдерін шығаратын «Компания «Фудмастер-Асептик» серіктестігі, жүзім шараптары мен сусындарын, шырын және ми­не­ралды суларды, көкөніс өнім­де­рі­нің консервілерін шығаратын «Голд Продукт» акционерлік қо­ғамдары тұтынушыға сапалы қыз­метін ұсынумен қатар экология­лық жағынан таза өнім шыға­ру­ды жолға қойған. Қазіргі кезде шағын кәсіп­кер­лік нысандарының саны 15539 бір­лікті құраса, осы салада 45087 адам жұмыспен қамтылған. Ауданда алты айда ғана 23 972,7 млн. теңге инвестиция тартылып, алға басқандықты байқау қиын емес. Осындай іргелі істерімен та­нылған аудандағы «Ким А. Г.» шаруа қожалығы 2007 жылы құ­рылса, бүгінде қанатын кеңге жай­ған. Сапар барысында Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевқа қожа­лық басшысы Олег Григорьевич Ким өндірісті жүргізуге 12 млн. теңге жеке қаражатын жұмсаға­нын және алқаптағы жұмыс ыр­ға­ғы жайлы айтты. Жалпы көлемі 4 гектар жерге орналасқан қожалық екі гектар жерге 19 жылыжай салған. Мұн­да бұрыштың бірнеше түрі мен баклажан өсірілуде. Жайқалған өн­імге көңіл сүйсінгендей. Қияр мен қызанақ және көкөніс түр­ле­рі егілген алқапта тамшылата суару әдісі қолданылған. Көкөніс­тен мол өнім алудағы ұтымды ұйымдастыру шешімін тапқан. Тұтынушыны экологиялық жағы­нан таза өніммен қамтамасыз ету­де өткен жылы бір гектар кө­көніс алқабынан 100 тоннадан ас­там өнім жинапты. Елбасына қожалық жетекшісі іс-тәжірибесі, қияр мен қызанақ, көкөніс түр­ле­рін өсіру арқылы азық-түлік қау­іпсіздігін қамтамасыз етудегі жос­парлары біртіндеп жүзеге ас­қанын, әлі де атқарылатын жұ­мыс­тар бар екенін баяндады. Негізінен Алматы қаласы тұрғын­дарын көкөніспен қамтуды алға қойған шаруа қожалығында 20-дан астам адам еңбек етуде. Ай­лықтары 45-50 мың теңге ара­лы­ғында, басқа да әлеуметтік мә­се­лелер шешімін тауыпты. Бұдан кейінгі Мемлекет бас­шы­сының сапары шаруасы шал­қы­ған «Айдарбаев» шаруа қожа­лығындағы іргелі істерді көрумен жалғасты. Саймасай және Қыр­балтабай селолық округ аумағы­нан жер телімін алып, гектар берекелілігіне жол ашқан Айдарбаев Ерік Серікұлы басқарған ұжым мүшелері бидай, арпа, жүгері, соя, жоңышқа, қызылшаны агро­техникалық шараларға сай күтіп-баптап жатқандарын айтты. Олар 70 гектарға алма бағы, 6 гектарға жү­зім, 14 гектарға тәтті түбір егіп, жан-жақты күтімге алған. Және 330 гектар жердегі қызанақ пен қияр тамшылата суарылып, қа­зіргі кезде жиналған өнім тұ­ты­ну­шыға жөнелтілуде. Мұнда да 110 адам еңбек етіп, іргеден та­был­ған жұмысқа құлшына кіріскен. Шет елден әкелінген алма­ның 7, жеміс-жидектің 35 түрі күтіп, бапталуда. Ерте көктемде 230 түп алма көшеттері, 3000 түп алмұрт, 10 000 түп қара­қат­­пен қа­тар, 1,5 мың түп жеміс кө­­­шет­­­терін сатып, ауылдастарының қажетін шы­ғарып­ты. Бұл да олар үшін табыс көзі саналады. Қожа­лық «ҚазАгро­Фи­нанс» АҚ-тан 270 млн. теңге несие алып, тау­ар­лы сүт фер­ма­сын қайта жарақтан­дыруды жол­ға қойған. Жыл сай­ын өндіріс кө­ле­мін арттырумен бірге, ай­дар­баевтықтар мал ша­руа­шылығын дамытуға ден қой­ғаны осының дә­лелі. Мұнда 474 бас ірі қара, 170 жылқы, 300 бас қой-ешкі өз төлі есебінен өсі­рі­луде. Тауарлы сүт фермасында 20 адам еңбек ете­­ді. Мал тұқымын асылдан­ды­ру­­да­ғы жұмыс та жақ­сы жал­ғасқан. Қожалық жеміс ағаштарының тәлімбағын құрып, 50 гектар ал­қапқа алманың 25 түрін өсірсе, қалған алқаптағы ағашты-бұталы өсімдіктердің түрлері көбейті­лу­де. Және 4 гектар тәлімбақта Германиядан әкелінген алманың сирек түрлері бапталып өсірілуде. Биыл­ғы жыл соңына қарай 500 мыңға дейін жеміс-жидек көше­тін отыр­ғызу жалғасуда. Осында­ғы атқа­рылған іргелі істерді кө­ріп, жұ­мысшылармен әңгімелес­кен Нұр­сұлтан Назарбаев интенсивті тех­нологияны тиімді пайда­лан­ған­дар­дың еңбегі жанатынын, әрі табыс­қа жол ашатынын атап өтті. Қазақстан көкөніс пен жемісті тасымалдаушы елден, бұл тауар­лар­ды экспорттаушы елге айна­луы керек, деп атап көрсетті Нұр­сұл­тан Назарбаев кәсіпорынның жұ­мысшыларымен кездесу кезінде. Бұл үшін барлық жағдай жасал­ған, ең бастысы, істі дұрыс ой­лас­тыру керек. Біз көкөніс пен жемісті тасы­малдаушыдан экспорттаушы мемлекетке айналуымыз қажет, Кеден одағы арқасында шекара ашық. Орасан экспорттық мүмкіндіктер пайда болуда. Енді мұнда көкө­ніс­терді, жеміс-жидектерді, жеміс ағаштарын өсіру міндетін алға қоюмен бірге, апортты қалпына келтіру керек. Ол Алматы облы­сының бренді болады. Апорт көп еңбекті қажет етеді, 700-ден 1000 метрге дейінгі биіктікте өседі, ерекше күтімді, тазалықты қажет­сінеді, алайда, ондай алма әлемде жоқ деуге болады. Республиканың әр облысында климаттық және ауа-райының ерек­шеліктерін ескере отырып, өңір­лер­де нақты дақылдарды өсіру қа­жеттігіне көңіл бөлу керек. Мұндай саясат ауыл шаруа­шы­лы­ғында өзінің тиімділігін көрсетті, деп атап өтті Президент. Алматы облысын осыған бағдарлау керек, ал Оңтүстік Қазақстан және Жам­был облыстарына біз солтүстік­тен тасымалдайтын астықты суару арқылы өсірудің қажеті жоқ, Маңғыстау облысында астық өсі­руге тырысудың қажеті шамалы, ол жерде балық өсіру керек және ол өз нәтижесін береді, ал қал­ғанын тасымалдайтын болады, яғни әр облыс қайта бағдарлануы тиіс, әр облыс бәрін бірдей қолға алуға ұмтылмауы керек. Астық бізде солтүстікте жеткілікті, ал солтүстік пен батыс өңірлерде не алма, не мынадай қызанақтар өс­пей­тіні белгілі. Шаруагерлер балық шаруа­шы­­лығын өркендетуге де ден қой­ған. Бүгінде ол шешімін тау­ып­ты. Ба­­лық­тың бекіре және форель түр­лерін өсіру цехының жалпы алаңы 114 шаршы метр. Оның ішінде 38 текше метр су сыятын бассейн бар. Мұндағы шабақтар мерзімі жеткенде ба­ға­лы тағам өніміне айна­латынын да айта кеткен орынды. Қазіргі кезде 300 адамды жұмыс­пен қам­ты­ған шаруа қожалығы­ның алдағы жос­пар­лары да жеткілікті. Балық өсіру цехтары жы­лы­на 30 тон­наға дейін өнім шыға­ру­ды жоспарласа, бүгінгі қарқынды қимыл оған нақты дәлел бола алады. Жалпы, жаңаға бетбұрыс, озық технол­о­гияны пайдалану­да­ғы ал­ға қойған жоспарлар серік­тес­тік­­тің алдағы экономикалық да­муы­на жарқын жол ашады. Елбасы «Есік жеміс-консерві зауыты» серіктестігі ұжымы­мен де дидарласты. Зауыт директоры Қа­нат Желдікбаевтың мамандығы агроном. Ол 2009 жы­лы зауыт құ­ры­лысын қолға ал­ып­­ты. Тар­тыл­ған инвестиция көлемі 600 млн. теңге. Зауыттың жалпы аумағы – 500 шаршы метр. Кәсіп­орынның негізгі ба­ғы­ты – томат өңдеу мен томат сықпасын өндіру. Және бір қы­зы­ғы, зауыт жылына 70 тәулік қана жұмыс істейді. Осы қысқа мерзімде 40 мың тонна өнім өңдеп, одан 4 мың тонна дайын өнім шы­ға­рады. Серіктестік биыл ег­істік кө­лемін 500 гектарға жеткізіп, там­шы­лата суару әдісін қол­да­ну ар­қы­лы жұ­мыс­тарын жүйе­ле­ген. Қа­жет­ті құрал-жабдықтар Ита­­лиядан әке­лінсе, зауыт ин­дус­трия­лық-инно­вация­лық даму бағ­дарла­масы бой­­ынша өткен жылы пай­да­ла­нуға беріліпті. Елбасы ал­қаптағы қызу жұмысқа жоғары баға берді. Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев бұдан соң Есік қа­ла­сына келді. Шаһардағы ау­дан­дық орталық аурухананың алдын­да ыстық ықыласпен қарсы ал­ған ақ халатты дәрігер қауымы­мен кездесті. Аурухананы арала­ды. Ондағы за­манауи құрал-жаб­дық­тар­ды көр­ді. Емхананың бас дә­рігері Болат Балақойшиев ау­дан­дық орталық аурухана 2008 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағ­дарламасымен құ­рылысы бас­та­лып, өткен жыл­дың желтоқ­са­нында пайдалануға бе­рілгенінен хабардар етті. 250 төсектік аурухана мен ауысымына 500 адамды қа­былдайтын емханада 700-ге жу­ық дәрігер, мейірбике, кіші медицина қызметкерлері ха­лық­­қа мінсіз қыз­мет көрсетуде. «Дипломмен – ауылға» бағ­дар­ламасы бойынша Төле би ау­ылдық амбулаториясында тера­певт-дәрігер болып жұмысын жал­­­­­ғас­тырған Айша Манапованың ле­­бізі ерекше әсерлі болды. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен өзімнің Тәуелсіз Қазақстан­ның азаматы екендігімді бақыт са­най­мын. Әлемге аты танылған Пре­­зидентіміз жастардың жан-жақ­­­ты білім алуына барлық жағ­дайларды жасап отыр. Сол қамқор­лық­қа бөленген мыңдаған жастардың қатарында аудан жұртшылы­ғы­ның денсаулығын қырағы күзетіп келемін. Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Барша қазақстандықтар Тәу­ел­сіздіктің 20 жылдығын атап өте­ді. Осы екі аралықтағы жеткен жетістігіміз көкірегіме мақтаныш сезімін ұялатады. Бақытымызды қолымызда ұстап, жарқын бола­шаққа ұмтылуымыз қажет», – деп ол Елбасына арнаған өлеңін оқ­ып, жастар атынан алғысын айт­ты. Игі тілек, ыстық ілтипатқа то­лы лебіздерін жас дәрігер Дидар Айтжанов, тағы басқалар да білдірді. Ауданда жас мамандарды баспанамен қамту жайы да оң шешілген. Бұған қосымша таяу уа­қытта ұжымдағы 60 отбасы қо­ныс тойын тойлайтын көрінеді. Нұрсұлтан Назарбаев аудан­дық аурухана дәрігерлеріне жаңа ғасырда адам өмірін мейлінше ұзарту, ана мен бала өліміне жол бермеу қажеттігін алға қойды. Өйткені, аталған салаға жыл өт­кен сайын бюджеттен қомақты қар­жы бөлінуде. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен жаңа нысандар бой көтергеніне және 1 шілдеден бастап медицина қыз­мет­керлерінің айлықтары 30 пай­ызға өскеніне тоқталды. Ел­басы, сондай-ақ соңғы кезде көп кездесетін жүрек-қан тамырлары мен қауіпті дерттердің алдын ал­ып, оған жол бермеу қажеттігін де еске салды. Аудан орталығында дәл осындай медицинаның бар­лық жетістігімен қамтылған ғима­рат болмағандығын атап, әр адам саламатты өмір салтын ұстанумен қатар, сапалы қызметті пайда­ла­нуы қажеттігін нақтылады. Елімізде денсаулық сақтау са­­ласын дамыту үшін жасалып жат­қан істің бәрі де қазақстан­дық­тар­дың өмір сүру жасын ұзарту үшін қолға алынып отыр. Жаңа ту­ыл­ған нәрестелер шетінемеуі және аналар өлімі азая түсуі үшін ауыр соғатын негізгі ауру түрлері, яғни жүрек-қан тамырлары, онколо­гия­лық, туберкулез аурулары аз­ай­ып, нақты нәтиже болуы үшін жұ­мыс­тар жасалып жатыр. Бұл меди­ци­наға, жалпы алғанда, сіздерге қойы­­латын талап. Өзге елдердегі аудан орталықтарында осындай жабдық­тар­мен жабдық­талған аурухана жоқ­тың қасы. Қазір әлемде дағда­рыстан кейін барлық дәрігерлер­дің, мұғалім­дер­дің еңбекақылары қысқарты­луда, бірде-бір нысан салынып жатқан жоқ, ал біз бұ­ған, керісінше, әлеуметтік сая­сат­қа зор көңіл бөліп отырмыз, деп атап өтті Мемлекет басшысы ме­дициналық орталықтың қызмет­кер­лерімен кез­десуінде. Президент кеше аудан орта­лығынан 80 шақырым қашық­тық­тағы Асы жайлауындағы мал­шы­лар слетіне қатысты. Мұнда мал­шы қауымы қыстан аман-есен шыққанын, өрісі малға толғанын атап өту үшін жиналған. Мерекеге Еңбекшіқазақ ауданымен бірге тал­ғарлық әріптестер де қосы­лыпты. Жайлау төсіндегі тойға қатыс­қан­дар Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның арна­йы келуін шын пей­іл­мен қабылдады. Бүгінгі күні екі ауданда да тү­лік санына шаққанда асыл тұқым­ды малдың үлес салмағы артып, қолда бар тұқымның гендік қо­рын сақтауда нәтижелі жұмыстар қол­ға алынған. Еңбекшіқазақ ауда­нын­да 200-ге тарта асыл тұқымды мал ша­руашылығы бар болса, жыл сай­ын мемлекеттен қомақты мөл­шер­де субсидия төленіп келеді. Асы жайлауындағы дүбірлі той­да Президент Нұрсұлтан Назарбаев мал шаруашылығын да­мытудың бүгіні мен келешегіне, атакәсіптің абыройын арттырып, төрт түлік­тен алынатын өнімді молайту, та­ғы басқа мәселелерді жиналғандар назарына салды. Жұ­мыс сапарын­да шаруа қожа­лық­тарының озық технологияны пайдалану арқылы азық-түлік мол­шылығын жасауда­ғы қолға алған игіліктері құптар­лық екенін атап көрсетті. Сонымен бірге, өңірде экономиканы әрта­рап­­тан­ды­ру, бә­секеге қабілеттілік пен инвестиция тарту, өңір да­муы­ның негізгі ба­ғыттарына айналға­нын нақтылап, жауапты міндеттерді жұ­мыла ор­ындау қажеттігін атап өтті. Халқымыздың әр қуанышы ұлт­­тық ат спорты ойындарынсыз өт­­кен бе! Бұл жолы да Асы тө­рінде ат жарыстырылып, жүлдеге бәй­ге тіккен жұртшылық көкпар тартып, палуан күрестірді. Қазақ эстрадасы­ның жұл­дыздары да әсем ән мен күм­бір­леген күйден шашу шашты. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.