• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2011

Жаңа электр желісі

774 рет
көрсетілді

«Қазмырыш» компаниясының жетістігі Жақында Кенді Алтайда елімізде ин­дус­трия­лық инновацияны дамытуда ерекше орын ала­тын игілікті оқиға болды. «Қаз­мы­рыш» ЖШС-нің Риддер метал­лур­гиялық кешенін Бұқтырма гидро­энер­гетикалық стансасына қо­са­тын Л-231 атауымен жоғары кернеулі электр желісі іске қосылды. Оның тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қаз­мырыш» ЖШС  президенті Никола Попович қатысты. Риддер қаласында электр энергиясына деген сұ­раныс соңғы жылдары өсе түскен болатын. Әсі­ре­се, ол «Қазмырыш» ЖШС өндірістік бөлім­ше­лерінде ба­рынша үнемделіп, уақытша шектеулер қойы­ла­тын. Риддерді электрмен қамту негізінен көп жыл­дар бойы 110 киловольттық үш электр желілері мен Риддер жылу орталығы арқылы қамтамасыз етіліп келді. Бұқтарма ГЭС-і пайдалануға 1960 жылы берілгенде әрқайсысының қуаттылығы 75 мВт. тұратын 9 агрегат орнатылған болатын. Содан бергі уақытта ол ағымдық жөндеу жұмыстарымен ғана шектелді. Ал «Қазмы­рыш» ЖШС  жаңалау жұмыстарын жүр­гізу нә­тиже­сінде станса жылына 2,8 мдрд. кВт/сағат электр қуатын өндіруге қол жеткізді. Тек соң­ғы 12 жылдың ішінде ғана ГЭС-ті модерни­за­ция­лауға 30 млн. АҚШ доллары жұмсалған. Соның нәтижесінде стансаның қуатты­лығы 45 мегаватқа артқан. 2007 жылы «Қаз­мы­рыш» ЖШС Риддер қаласын толық электр қуатымен үзіліссіз қамта­ма­сыз ету мақсатында қуаттылығы 110 кВт. жоғарғы кернеулі электр желісі­нің құрылысын қолға алған болатын. Үздіксіз дамып келе жатқан Риддер металлургиялық кешенінің электр энергия­сы­на деген сұранысын қамтамасыз ету үшін Қазақ­мы­рыш Бұқ­тыр­ма гидроэлектрстансасын  көлемді түрде модерни­зациялауды да қатар қолға алды. – «Қазмырыш» ЖШС жалға алу келісім-шар­тын­да стансаны модернизациялау, инвестициялау және қайтадан жөндеу жұмыстарын жасау бағ­дар­ламалары көрсетілген болатын. 1997 жылдан бері 40 миллион АҚШ доллары қаржысы жұмсалған. Жөндеу жұмыстарының бағдарламалары бекітілді. Мұның барлығы басқа да стансалар секілді бес­жылдық міндеттемелер мен бағдарламалар қа­был­даған. Әсіресе, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген құрал-жабдықтар айырбасталып, жаңа­лан­ды. Агрегаттар жаңаланып, орталықтан­дырыл­ған ав­то­матты басқару жүйесіне қо­сылған, – дейді Бұқ­тырма гид­ро­энергетикалық кешенінің директоры Сергей Коблов. Расында 100 километрге жуық жерге тартылған жаңа электр желісі «Қаз­мы­рыш» ЖШС энергетик­тері­нің айтулы еңбегі десе де бол­ғандай. Оның құрылы­сына прогресті техника­лық шешімдер қолданылған. Полимерлік сақта­ғы­шы бар мырыш­талған металл бағандары пайда­ла­ныл­ған. Мон­таждау жұмыстары теңіз деңгейінен 600-1830 метр биіктікте өткенін, тіпті кейбір жерлері аспан­да­ғы бұлттармен астасқанын айтсақ, мон­таждау жұ­мы­сының қандай күрделі жағ­дай­да атқарылғанын аң­ғаруға болады. – Ендігі кезекте Риддер аумағы ешқандай электр қуатының тапшылығын көрмейді. Бұл дегеніңіз біріншіден, өндірістік орындардың жұмысын жақ­сар­туға тиімді болса, екіншіден, риддерліктер де оның игілігін көреді, – деді облыс басшысы Б.Сапарбаев. Ендігі кезекте жаңа желінің қуат көздері Чашинский құмын өңдеу фабрикасын салуға, Обручев кен ор­нын игеруге, Риддер металлургиялық кешенінің «Гидрополимет» базасын дамытуға пайдаланылмақ. Ал екінші кезеңде «Чекмарь» кен орнын игеруге және ком­панияның кен базасын алдағы ұзақ жылдарда электр қуатымен үзіліссіз қамтамасыз етуге жұмсал­мақ. Осы­лайша перспективалы жоспар бойынша Риддер өн­ді­рістік аймағы 2020 жылға дейін электр қуатын тұ­­ты­ну­ды 35-40 пайызға өсірмек. Бұл дегеніңіз пайда­ла­­натын электр қуат көзі 200-210 мВт-қа көбейеді деген сөз. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.