• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2011

Шабындықтағы шалғы сырылы

503 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары қуаңшылық­тың зардабын шеккен шаруа ада­мы қашан жаз ортасы болғанша күпті көңілде жүргені шындық. Ылғалды көктем жаңбырлы жаз­­ға ұласқанда ғана көңілін демдеп, табиғат берген мол ырыздықты жеткілікті жинап алудың қам-қа­­рекетіне білек сыбанып кіріс­кен-ді. Қолдағы малға қажетті жем-шөпті жинап алудың өзі күш­ке түскен өткен жылдың ащы саба­ғын ұмыта қоймаған ауыл­дық­­тар шөп пісіп-жетілісімен ша­бын­­дық­қа шалғы салды. Өңірді тегіс қамтыған жауын-шашынның мол­ды­ғынан құмақтың, сай-саланың, қойнау-қолаттың шөбі биыл ай­тар­лықтай қою да биік болып өсті. Сондықтан да болар мал азы­ғын дайындау жұмыстары ал­ғашқы күннен қарқын алып, пі­шен­шілердің еңбегі өнікті болды. Бұған облыста мал азығын дай­ындаудың екпінді екі айлығы жариялануы да кәдімгідей серпін берді.Үстіміздегі жылдың 13 мау­сымы мен 7 тамызы аралы­ғын­да­ғы екпінді екі айлық кезінде облыста 1,5 миллион тонна пішен дайындау көзделуде. Әр ауданға екпінді айлық кезінде дайындауы тиіс пішен мөлшері белгіленіп, нақты тапсырма берілді. Тапсыр­маны орындауына қарай ақшалай сыйлық та белгіленді. Мұның өзі екіжақты тиімділікті түсінген пішеншілерді ыждағатты қимыл­дауға ықпал етті. Облыс пішеншілері үстіміздегі жылдың 10 шілдесіне 806,6 мың тонна мал азы­ғын дайындап үлгерді. Бұл тап­сырманың 53,8 пайызы орын­дал­ды деген сөз. Мал азығын дай­ын­дау жұмыстарын ұтырлы ұйым­дастырған Әйтеке би, Қобда және Ойыл аудандарының көрсеткіш­тері бұдан да жоғары. Екпінді екі айлықтың екі ап­тасының тапсырмаларын барлық аудандар асыра орындауға қол жеткізді. Көш басындағы Қобда ауданы екі апталықтың тапсыр­масын 124 пайыз орындаса, Ойыл ауданы 118,6 пайыз, Ақтөбе қала­сы 114 пайыз жүзеге асырды. Қоб­да ауданында 164 шөп брига­да­сы жұмыс істейді. Мұнда нау­қандық жұмысқа 270 шөп ша­батын агрегат, мыңға жуық адам жұмылдырылған. Аудандағы мал ұстайтын 4284 жеке қожалықтың 1200-інен астамына қазірдің өзін­де қысқа жетерлік мал азығы тү­сірілді. Жақында Ойыл ауданы­­ның Қараой аулында болға­ны­мызда биылғы шөптің шығымына көңіліміз толды. Ауылдықтар құ­мақтағы шабындықтың гектарына 10 центнерден астам түсім беріп тұрғанына, биылғы жаздың берекелі болғанына қуаныштарын жа­сырмады. Ауылдағы шаруа қо­жалықтары шөптің нәрлі кезінде қызу қимылдауға жұмылған. Шал­­қар аудандық ауыл шаруа­шылығы бөлімінің бас маманы Бауыржан Базарбаев та биылғы шабын­дық­тың өнімділігіне тән­тілігін жа­сыр­мады. – Жауын-шашын мол, жер іріп тұр. Шаруа адамына қысқа жетерлік мол жем-шөп қорын жасап алуға еш кедергі жоқ. Арзан­да­тылған бағамен жанармай бөлін­ді. Қазіргі қарқынмен тапсыр­ма­ны асыра орындаудың мүмкіндігі мол, – дейді ол. Қазір шаруалар өздерінен ар­тылған пішенді сатып, қаржы та­буға дағдыланып алды. Ша­руа­­шы­лық құрылымдары, шаруа қо­жалықтары пішен бизнесіне құл­шына кіріскен. Барлық аудандарда бұған мән бергендіктен са­тымға шығарылған пішен­нің ба­ға­сы да түсе бастады. Бә­секе жүр­ген жерде бағаның ар­зан­дауы заңдылық. Бұл пішен дай­ындауға өз күші жетпейтін мал ұстайтын шаруа адамына ти­імді болып тұр. Яғни, мал ба­сын көбейтудің де мүмкіндіктері молая түсуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.