• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2011

24 сағат

299 рет
көрсетілді

...«Мемлекеттік рәміздер» композициясы Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығы іс-шаралары аясында Талшық кентінде Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұранның нақты үлгі­лері бейнеленген композиция пайдала­нуға берілді. Оның ашылу сал­танатында сөйлеген сөзінде аудан әкімі Ағзам Тастеміров Астанада елорда кү­нін мерекелеу «Этноауыл» мемориалдық кешеніндегі Мем­лекеттік Туды салтанатты көтеруден бастала­тынын, осы дәстүрді жалғас­ты­ру арқылы жас ұрпақ бойына отан­шыл­дық сезімді қалыптас­ты­ру­дағы мән-маңызын айрық­ша атап көрсетті. Оны тұр­ғы­зуға бюджеттен 2,5 миллион тең­ге бөлініп, «Арт-Көкше» ЖШС құрылыс жұмыстарын са­палы атқарып шыққан. Қа­быр­­ға­лары жергілікті гранит тастармен көмкерілген кешен анадайдан көз тартады. Негізгі Тудың биіктігі – 21 метр. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы.   ...қиыршық тас зауыты бой көтеруде Шалқар ауданы Бершүгір селолық округі Мұғалжар та­уының қойнауына орналас­қан. Мұнда қиыршық тастың мол қоры бар. Округ аума­ғында қиыршық тас өндіретін тағы бір зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Кә­сіп­орын құрылысын салып жат­қан «Ақшат-Ақтөбе» ЖШС зау­ытты осы жылдың қыркүй­ек айында пайдалануға беруді көз­деуде. Зауыт іске қосылған бас­тапқы уақытта сексенге жу­ық жаңа жұмыс орны ашылады. Жұмыс процесі ауысым­дық әдіспен атқарылады. Жа­ңадан ашылатын кәсіпорында жұмыс­шы­лар үшін барлық жағдай жасау қарастырылуда. Мұнда жа­тақхана, асхана, мон­ша жұмыс істейтін бола­ды. Жұмысшылар арнаулы жұ­мыс киімімен және 50 мың теңге көлемінде ең­бек­ақымен қамтамасыз етіледі. Қиыршық тасты тиейтін орын, оған дейін апаратын теміржол, автогараж, кеңсе ғимарат­та­ры­ның құрылысын да өндірістік ны­санмен қатар аяқтауға күш салынуда. Жаңа зауытта жыл аяғына дейін 150 мың тонна қи­ыршық тас өндіру жос­пар­ла­нып отыр. Алдағы жылы бір же­лімен 450-500 мың тонна қиыршық тас өндіру көз­делсе, кейін екінші желі іске қосыл­ғанда өнім өндіру екі есеге артады деп күтілуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.   ...демалыс орны ашылды Табиғаты көрікті, баурайы тарихқа тұнған Ұлытау өңі­рі­не кейінгі кезде жан-жақтан сая­­хат­шылар жиілеп келеді. Осы­ған байланысты оларға ар­нау­лы демалыс үйін салу былтыр қолға алынған бола­тын. Аудан орталығының іргесіндегі Болат сайында бой көтерген 26 ор­­ындық мейманхана кешенінде орналасып, енді өлкедегі ескі ескерткіш­термен асықпай та­ны­суға, таулар мен орман-то­ғайларды ара­лауға болады. Он­ың қа­сын­да сегіз, алты қа­нат­ты оюлы киіз үйлер де тігілген. Туристердің қалауларына қа­рай бірін таңдай алады. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды облысы.