• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2011

Селекторлық кеңес өткізді

466 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов облыс әкімдері мен ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен өсімдік ша­руа­шылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Кеңес барысында, басымдыққа ие ауылшаруашылық дақылдары өн­дірісін субсидиялау мәселесі талқыланып, сол сияқты өсімдік шаруа­шылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа формалары қаралды. Осы күні Премьер-Министр Мичурин кентіндегі спортшылар  мен теміржолшыларға арналған реабилитациялық орталықта болды. Спорттық-медициналық кешенде спортшылардың сапалы жатты­ғу­лары, қайта қалпына келулері, науқастардың алдын алуы және сауығуы үшін жағдайлар жасалған. Кешен атлеттер мен темір­жол­шы­лардың функциялық жағдайын бағалайтын қазіргі заманғы жаб­дықтармен, физиотерапиялық және басқа да емдер жасайтын аппаратурамен қамтамасыз етілген.  «Егемен-ақпарат».