• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2011

Кәсіпкер Асылбектің тартуы

289 рет
көрсетілді

Құт-береке дарыған Қаратал ауданының орта­лы­ғы тоғыз жолдың торабы саналатын Үштөбе қала­сы­ның инфрақұрылымы су жаңа спорттық-сауық­тыру кешенімен толықты. Жергілікті кәсіпкер есімі республикамызға кеңінен танымал азамат, 2010 жылғы республикалық «Парыз» конкурсының жүл­дегері «Тамас» ЖШС-ның директоры Асылбек Пұ­сырманов. Аудан тұрғындарының денсаулығын ны­ғайтуға бағытталған кешенді ашу салтанатындағы жиында ол: «Бұл біздің ұжымның туған ауда­ны­мыз­ға Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған сый тартуы», – деп мақтаныш сезіммен айтты. Қазіргі заманауи үлгіде жарақтандырылып жаб­дықталған екі қабатты еңселі де көрікті кешен футбол, волейбол, баскетбол, тренажер, аэробика және шейпингпен айналысатын залдардан, жүзу бассейнінен, массаж жасау бөлмесінен, балалар ойын алаңынан тұрады. Аптасына алты күн жұмыс істейтін орталықтың қызмет көрсету ақысы да пәлендей қымбат емес. Енді аудан тұрғындары денсаулығын нығайту үшін бұған дейінгідей облыс орталығы – Талдықорған қаласына барып, сабылмайтын бола­ды. Ең бір құптарлығы – зейнеткерлер мен тұрмы­сы төмен отбасы мүшелеріне де айтарлықтай же­ңіл­дік жасалады. Үштөбе қаласы ежелден-ақ қазақ спортының әр жылдағы мақтаншы, атақты боксшылар А.Жапсарбаев, Б.Сағындықов, М.Юрченко, ауыр атлеттер С.Филимонов, В.Седов, Н.Ногайдың отаны. Қала ажарын шырайландырған сәнді кешеннің әлі де талай жас спортшылардың қанаттанып, ұшуына септігі тиетіндігіне сенім зор. Қараша ҚАРАМАН. Алматы облысы, Қаратал ауданы.