• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2011

Сержанттар құрамының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында

722 рет
көрсетілді

Өткен жылы сержанттар құрамының команда­лық буынының кәсіби даярлығын көтеру мақса­тын­да Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант С.Жасұзақовтың ұтқыр оқу-жат­тық­ты­ру топтарын (ҰОЖТ) құру туралы шешімі қа­был­данған болатын. Бұл сержанттарды оқыту жос­парындағы ең нәтижелі жаңалықтардың бірі болды. Ұтқыр оқу-жаттықтыру топтарының әрқайсысы 8 адамнан, сержанттар арасынан жеке пәндер бойынша ерекше дайындалған, барлығы 54 адамды құрайтын, әскер тектері мен өңірлік қолбас­шы­лық­тардың сержанттарынан құралды. Бұл топтарды дайындау үшін сержанттарды жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сабақтарды өткізу әдістемесін үйреткен Қорғаныс министрлігі Кадет корпусынан ең жақсы оқытушы-әдіскерлерді тартумен оқу-әдістемелік курстары ұйымдастырылды. Дайын­дал­ған топтарды гарнизондарға орналастыра отырып, сержанттар құрамының жиынын өздерінің білімдері мен жетістіктерін саралай келіп, роталар (батареялар) сержанттары санаттарын оқытты, ал бұл – 600-ге жуық адам. Тағы бір жаңалық, өткен жылғы оң тәжіри­бе­лерді ескере отырып, іссапарлық шығындарға қар­жы құралдарының үнемділігін және оқығандардың көп көлемін қамту мақсатында 18 әскери гарнизонда 144 адамнан тұратын ҰОЖТ құрылды. Қазіргі кезде осы гарнизондардың әрқайсысында ҰОЖТ күшімен взвод сержанттарымен және бөлімше командирлерімен оқу-әдістемелік курстары жүргі­зілуде. Осылай жазғы оқу кезеңінде «бөлімше-взвод» сержанттарының буынынан тағы 600-ге жуығын оқыту жоспарланып отыр. «Егемен-ақпарат».