• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2011

Ипотекашыларға көмек болады

340 рет
көрсетілді

Бірақ ол әрқайсысына дербес көрсетіледі 27 шілденің ыстық күні Астанада ай­тар­лықтай белгілі оқиғамен – «Самұрық-Қазына» қоры басшылығының «Тұрғын үйді халыққа қалдырайық» («Оставим народу жилье») қоғамдық бірлестігінің активистері және мүшелерімен болған кездесуімен аталып өтті. Бұл кездесуге сон­дай-ақ акционерлері мемлекет атынан «Самұрық-Қазына» ӘАҚ болып табыл­а­тын БТА, Темір банк және Альянс банк қаржы меке­мелерінің өкілдері де қатысты. Болып өткен кездесудің ерекшелігі сол, бүгінде жоғарыда аталған банктерге басшылық жасайтын «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы төленбеген ипоте­калық борыштардың мейлінше ауыр про­блемасы бойынша бірден айқын ұстаным қалыптастырды. Шынымен де, дағдарыс орын алған­нан кейін көптеген ипотекашылар елеулі проблемалармен бетпе-бет келді. Несиелерді төлеу оларға анағұрлым күрде­лі­ле­не түсті. Мемлекет бірқатар арнайы бағ­дарламалар қабылдап және ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, олар бойынша пайыздық ставкаларды арзандату, төлем мерзімдерін ұзарту үшін жағ­дайларды қамтамасыз ете отырып, ондай адамдарға түсіністікпен қарады. Соның өзінде де кейбір популистер оның өзін жеткіліксіз деп санады. Мәні мейлінше қарапайым үндеулер де естіле бастады. Шартты түрде алсақ, мен несие алдым, бірақ ол жөнінде маған ешкім ескерту жа­самаған дағдарыс туындады. Дағда­рыс­тан кейін несиені төлеу қиындай түсті. Ендеше, менің сатып алған тұрғын үйім үшін банкке борышымды мемлекет есептен шығарсын және төлей салсын. Жалпы алғанда, идеяның өзі, әсіресе пост­ке­ңес­тік менталитеттегі адамдар үш­ін жаңалық емес. Оның мәні: бәрі үшін мемлекет тө­лейді. Турасын айтқанда, соң­ғы уақыт­тар­ға дейін ТХҚ өкілдері дәл осындай идеяны ұстанып келді. ТХҚ белсенділері мәлімдеген талап­тарға қарағанда, олар бүгінде ипотекалық несиелер бойынша борышкерлерге мемлекет ұсынғаннан гөрі әлдеқайда көбірек алғылары келеді. «Саяси және мемлекеттік ерік-жігер таныта отырып және төлем қабілеті жоқ азаматтардан шынайы емес төлемдер ауыртпалығын алу арқылы ғана ахуалды шешуге болады» деп мәлімдейді ТХҚ жетекшілері. Басқаша айтқанда, олар заемшылардың бір бөлігіне банк­тер­дің әлі де ақылары төленбеген тұрғын үйді әншейін сыйға бере салуын қалайды. ТХҚ-ның пікірінше, мұндай мырзалықты мемлекет, яғни өз салықтарымен елдің бы­лайғы азаматтары қаржыландыруы керек. 27 шілдедегі кездесуде қор басшылы­ғы тарапынан қоғамдық қозғалыс баста­машыларына жан-жақты жауап қайта­рылды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма төраға­сының орынбасары Айдан Кәрібжанов әлеуметтік тұрғыдан алғанда мұндағы мәселенің соншалықты қарапайым еместігімен келісті. Ипотекалық несиелерін төлей отырып, шынымен де дағдарыс кезінде қиыншылықтарға ұшырасқан, енді келіп күрделі тұрмыстық жағдайға тап болған қазақстандықтарды түсіну керек, деп атап өтті ол. Мемлекет ипотекалық төлемдерді арзандату, мерзімін ұзарту және қайта қаржыландыру үшін жағд­ай­лар жасай отырып, дағдарыс кезінің өзін­де-ақ оларға түсіністікпен қарады. Дағ­дарыс өтіп кеткен бүгіннің өзінде Үкімет­тің, сонымен бірге акционер ретіндегі ірі-ірі «ипотекалық» банктердің ұстаным­дары өзгерген жоқ. Сөз жоқ, көптеген ипотекашылар шы­нымен де көмек пен қолдауға зәру. Бірақ іс тек оларда ғана емес. Ипотекашылар төңірегіндегі мәселенің ашықтан-ашық сая­силану мәнін түсіну үшін, ТХҚ акти­вистерінің аштық жариялау, қарсылық акцияларын өткізу және қатаң мәлім­де­мелер жасауының артында өзге де мүд­делердің тұрғанын назарда ұстау қажет. Кезінде оларды одан әрі сату мақсатымен несиеге бірнеше пәтерлер (кейбіреулері 50-ге дейін және тіпті одан да көп) сатып алған тұрғын үй алыпсатарлары деп ата­латындардың лоббиінің бар екені де құ­пия емес. Ендігі жерде өздерінің салым­дарын қайтаруға талпынған осы бизнес-топтар аштық жариялау және қарсылық көрсету мәселелеріне назар аудара оты­рып, былайғы қазақстандықтардың сезімдеріне селкеу түсіруге ұмтылады. Ипоте­кашылардың бұл тобын кедейлер және аз қамтылғандар деп атауға болмайды, ал олардың халық атынан жасаған тал­пы­ныстары, сыпайылап айтқанда, шын жү­ректен шыққан әрекет емес. Кездесу барысында «Самұрық-Қазы­на» ӘАҚ өкілдері біздің рыноктық эко­номика кеңістігінде өмір сүріп жатқа­ны­мызды, ақшаның белгісіз жақтан әншейін түсе қалмайтынын еске салып өтті.  Егер, кейбір популистер ұсынғандай, пробле­малы ипотекашылардың борыштарын мем­лекеттің жабуына тура келсе, онда бұл қаржыларды өзге бағдарламалардан, ең алдымен әлеуметтік, елді индустрия­лық және инфрақұрылымдық дамыту бағдарламаларынан алуға тура келер еді. Оның үстіне әңгіме шығындардың өзге де баптарын қысқартуға тура келетін мил­лиардтаған теңгелер жөнінде қозғалар еді. Ал мемлекет онсыз да тұрғын үй ры­ногы проблемасын шешуге, банк сек­то­рын сауықтыруға қыруар ресурстар жұм­сады және әлі де жұмсап келеді. Ал­данған үлескерлердің тұрғын үйлерінің құрылыстарын аяқтауға және ипоте­кашы­лардың проблемаларын шешуге милли­ардтаған доллар бөле отырып, Үкімет оларды қазірдің өзінде әлеуметтік саладан, индустрияландыру, жол құрылысы, қа­лалар мен ауылдарды дамыту бағдар­ламаларынан алып қойды. Өзге елдердің тәжірибесінде мұндай көзқарасқа тең келетін мысалдар жоқ. Қа­зақстанда жеке фирмалар қалдырып кеткен нысандардағы құрылыстарды жалғас­тыра отырып, ипотекалық несиелерді қай­та қаржыландыруға және арзандатуға қаржылар бөле отырып, билік күрделі ахуалға тап болғандардың бәріне түсі­ніс­тік танытты. Астана қабылдаған ипотека­шы­ларға көмек көрсетудің айрықша ша­ра­ларына бүгіннің өзінде мемлекеттік бюд­жеттен қыруар қаржы бөлінді. Және бұл бағдарламалар іс жүзінде жұмыс істеп жатыр. Мәселен, көптеген үлескерлер са­лынып біткен өздерінің пәтерлеріне қазір­дің өзінде қоныстанды, ал өз кезегін кү­тіп жүргендер олардың пәтерлерінің құ­ры­лыстарының қандай сатыда екенін жә­не қашан пайдалануға берілетінін біледі. Ипотекалық проблемаларға тап болған өз азаматтарына қолдау көрсетудің мұн­дай ауқымды бағдарламасы әлемде еш жерде болған емес. Еуропада, Азия елдерінде, АҚШ-та олардың күйреуі салда­рынан осы мемлекеттің бүкіл ақша-кре­дит жүйесінің құлап түсуі мүмкін деген жекелеген банктерге қолдау көрсету жө­нінде ғана мәселе көтерілді. Тек банктерді, бірақ заемшыларды емес. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында ипотекашыларға егер бізге сен­дердің кредиттеріңді кешіруді ұсынса, онда оларды былайғы қазақстандықтарға өз қалталарынан төлеуге тура келеді ғой деген қарапайым сауалды емін-еркін қоюға болады. Мәселен – осы қаржылар арқылы еңбекақыларын өсіруге болатын бюджеттегілерге, немесе индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы бойынша іске қосылуға тиіс жаңа кәсіпорындардың жұмысшыларына. Қалай дегенде де, халықтың өзге топ­тарының мүдделерін құрбан ете отырып, басқалардың проблемаларын шешу әді­леттілік емес. «Самұрық-Қазына» қоры­ның басшылығы көптеген заемшылар душар болған ахуалға түсіністікпен қарай­ды. Сонымен бірге қор елдің банк жүйе­сінің қаржылық тұрақтылығын және заем­шылардың өздеріне алған міндеттемелерін  сақтауын ескере отырып, ахуал­ды тек құқықтық кеңістікте ғана шешуге болады дегенді басшылыққа алады. Қор төрағасының орынбасары Айдан Кәрі­б­жанов барлық проблемалы заемшылар­дың проблемаларының шешілетініне сендірді. Бірақ оны әкімшілік жолмен, мәсе­лен, банктерді борышты есептен шыға­руға міндеттей отырып шешу мүмкін емес. Өйткені, әңгіме елеулі сомалар және бүтіндей алғанда қаржы жүйесінің тұрақ­тылығы жөнінде болып отыр. Ұлттық әл-ауқат қоры мен банктер проблеманы қатаң атаулы түрде шешпек ниетте. Сөз жоқ, қиын тұрмыстық жағ­дай­да қалған борышкерлерге қолдау көр­се­ту «Самұрық-Қазына» ӘАҚ үшін ба­сымдықта болды және болып қала береді деп атап көрсетеді қор басшылығы. Әрбір проблемалы жағдай дербес қаралатын болады. Шешімдері де әртүрлі болуы мүмкін. Айталық, кейбір ипотекашылар, несиені қайтаруда қиындықтарға  тап болып, төлемдерді төлеудің неғұрлым ұзақ мерзімдеріне ие болуы мүмкін, өз­гелерге банк, тиісінше борыш ауыртпа­лы­ғын қысқарта отырып, неғұрлым арзан пәтерлер, бәлкім, арендалық пәтерлер ұсынуы мүмкін. ӘАҚ басшылығы проблемаларды ше­шудің барлық нұсқаларын қосымша талдап-зерттеуге әзір. Қор басшылығының проблемалы заемшылар өкілдерімен аху­ал­ды шешу жөнінен мүмкін деген қа­дам­дар талқыланатын жаңа кездесуі ипо­те­калық несиелер барынша көп берілген ең ірі қала – Алматыда 3 тамызда өтеді. Есенбай ТАҢАТАРОВ.