• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2011

Қайырымдылық қарымы

375 рет
көрсетілді

«Полигон балалары» қоғамдық бірлестігі де 20 жылдығын атап өтуде «Полигон балалары» қоғамдық бірлестігі 1991 жылы Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауы­лында аудандық кеңестің шешімімен Халық­ара­лық «Бала правосы» конвенциясы негізінде құ­рылған еді. Құрылған күнінен бастап аталған ұйым антия­дро­лық «Невада – Семей» қоз­ға­лысы, Германияның Кельн штатындағы бөлімі, Халық­ара­лық «Бөбек» қайы­рым­дылық қоры, Денсаулық сақ­тау министрлігінің «Ана мен бала» бөлімі, сол сияқ­ты басқа да қоғамдық ұй­ым­дармен, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы ба­ла­ларының медициналық-әлеуметтік аxуалын қал­пы­на келтіру «Бозторғай» қо­ғамдық орталығы, «Садако – Саманта – Самал» ұйымы, Феникс қоғамдық қоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігі және тағы басқа толып жатқан ұйымдармен бірлесіп жұ­мыс істей бастады. Ең алдымен «Полигон балалары» ұйымының аты­нан «Бөбек» қоры прези­денті­нің атына хат жазыл­ды. Сара Алпысқызының Абай ауданына келуі, ар­тын­ша осы өңірге Ден­сау­лық сақтау министрлігінің арнайы бригадасын жіберуі үлкен көмек болды. Оның сыртында осы кезден бастап аудан балалары Алматы қа­ласындағы республикалық клиникалық емдеу және сауық­тыру орталықтарын­да, атап айтқанда, Ақсай, Қал­қаман, №12 қалалық ауруханасы және «Алатау» санаторийінде жылына 2-3 рет 25-30-дан бала емделіп және демалу мүмкіндігіне ие болған еді. Содан беріде жалпы 700-ден аса бала әртүрлі емдеу және сауық­тыру орталықтарында бол­ған екен. Сол сияқты «Бө­бек» қорының шақыруымен келген америкалық ұшақ-госпиталінде де Абай ауда­ны­ның Саржал, Қарау­ыл, Құн­дызды ауылдарының ба­лалары емделген болатын. Кейінде Алматыдағы «Бө­бек» санаторийінде Семей қаласының және Мұ­қыр ауылының балалары барып демалып қайтты. Мұның сыр­тында «Бөбек» қайы­рым­дылық қорынан Абай ауданының балаларына бірнеше рет жаңажылдық сый­лықтар, тамақ, киім-кешек көмек ретінде келіп жатты. Сол жылдары өткізілген маңызды шаралардың бірі – «Полигон балалары сурет са­лады» акциясы еді. Ак­ция­ға ауданнан 150 бала қа­тыс­ты. Аталған акция Аме­риканың халықаралық мейірімділік қорының қолдауы және қаржыландыруымен өтті. Қор Алматыға емделуге барған балалардың жол қаражатына да бірнеше рет көмектескен еді. БҰҰ өкілдігі Ақсай, Қал­қаман ауруханаларында емделуге барған балалардың толық тексеруден өтіп, емделуіне, бағасы қымбат дә­рі-дәрмектермен қамтама­сыз етілуіне көмек жасап отырды. Мәртебелі ұйым­ның волонтерлері Алатау санаторийінде емделген ба­ла­ларға жаңажылдық сый­лық­тармен де көмектесіп отырды. Әсіресе, полигон зарда­бын шеккен балаларды түр­лі емдеу және сауықтыру ор­талықтарына жіберуді ұй­ымдастыруда «Полигон ба­ла­лары» қоғамдық бірлестігі Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің «Ана мен бала» бөлімімен бірлесіп, жы­лына 300-500-дей бала жіберуге қол жеткізсе, 100-150 бала әртүрлі қайырым­ды­лық шараларына қатысып, түрлі көмектер алды. Сол сияқты, қоғамдық бірлестік «Невада – Семей» қозғалы­сының Оңтүстік Қазақстан бөлімшесі арқылы жазғы уақыттарда 100-200 бала­ның осы өңірдегі 9 санаторий-профилакторийлерде демалып қайтуына жағдай жасады. Сол сияқты оларға жеміс-жидек, киім-кешектермен көмектер көрсе­тіл­ді. Қалада жылма-жыл Ба­лаларды қорғаудың халық­аралық күні қалалық балалар саябағында тұрақты шаралар өткізіліп, оған 150-ден аса бала қатысады. Жа­қында ғана осы балалар сая­бағында «Балалар – біздің болашағымыз» атты қайы­рым­дылық акциясы өткізіл­ді. Ал бұрынғы жылдары «Әрқашан күн сөнбесін», «Ба­қытты балалық шақ» атты қайырымдылық ак­циялары ұйымдастырылды. Соңында отандық өнімдерді әлемдік деңгейде танытқан «Асыл Арман Интернешнл» компаниясы «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» жобасын бірінші болып қолдап, 707 000 теңгенің көмегін жа­сады. Полигон жабылуының 20 жылдығы қарсаңында по­лигон құрбандарын еске ала отырып, әсіресе, жас ұр­пақты емдеу және сауық­тыру мақсатында «Денсау­лық – зор байлық» атты денсаулық күні ұйымдасты­рылып, «Дені саудың – жаны сау» атты профилак­тикалық кеңес орталығы ашылды. «Саламатты өмір салты – өмір талабы», хал­қымыздың салт-дәстүрін жал­ғастыру үшін батыр ба­баларымыздың өмір тари­хын насихаттайық деген та­қы­рыптарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. «Бозторғай» қайырым­ды­лық қорынан 200 000 теңгеге келген қайырымды­лық көмек – киім-кешек, оқу құрал-жабдықтары Абай ауданындағы Саржал ауы­лы­ның 220 баласына 1 мау­сым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні орта мек­тептің алдында өткен жи­ында берілсе, АХБК «Озат» дүкенінің директоры К. Резникова Наурыз мейрамы қар­саңында өткен акцияда Бөкенші ауылының бала­ла­ры­на киім-кешектермен және сыйлықтармен көмектесті. Сол сияқты бірлестік, әсіресе, мүгедектер арба­сы ­мен құлаққа арналған есту аппараттарын алуға және жыл сайын жаңажылдық сыйлықтармен көмек көрсе­тіп отырған облыстық мәс­ли­хаттың депутаты, «Иб­раев+К» компаниясының ди­ректоры Ғаббас Ибраевқа үлкен ризашылығын білдіреді. Жақында балалар саябағында өткен «Балалар – біздің болашағымыз» атты қайырымдылық акциясына полигон зардабын шеккен отбасылардан 50-ден аса бала қатысса, оған 185 000 теңгенің қаржылық көмегін жасаған саябақ директоры В.Филипповқа да жас жеткіншектер дән риза. Жуырда «Невада – Семей» қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев «Полигон балалары» қоғам­дық бірлестігінің төрайымы Бақытгүл Әлімбаеваны қоз­ғалыстың мерекелік медалімен марапаттады. Бақытгүл­дің аталған бірлестікке жетекшілік етіп келе жатқа­нына 20 жыл болды. Бақыт­гүл Әлімбаева БҰҰ-ның Қа­зақстандағы өкілдігі арқы­лы Иран Ислам республи­ка­сының астанасы – Теһран қаласында өткен «Ана мен бала проблемалары» атты ха­­лықаралық конферен­ция­ға қатысып қайтты. Бірлестік бүгінде өз жұмысын одан әрі ширата түсуде.