• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2011

Жұмысшылар құқы партия бақылауында

482 рет
көрсетілді

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жобасы­ның еліміздің экономикасын да­мы­тудағы маңызы зор болмақ. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев бұл жобаны бү­кіл­халықтық құрылыс деп жа­риялаған болатын. Орындалу барысы жұмыс сапасы және мердігер компаниялардың еңбек заң­намасын сақтау мәселелері нұротандықтардың қадағалауында. Партияның тікелей қатысуы­мен Оңтүстік Қазақстан облы­сын­да орын алған жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасын­дағы дау-жанжал тыйылды. Ағымдағы жылдың шілдесінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылыс учас­ке­лерінің бірінде 50 адам өз жұ­мысын жалғастырудан бас тарт­ты. Себебі мердігер – «Азеркорпу/Тепе» әзербайжан-түрік ком­па­ниясы қазақстандық жұмыс­шы­лар­дың құқықтарын өрескел бұзды. «Нұр Отан» жағдайдың анық-қанығын біле бастаған кезде барлық кемшіліктер жой­ы­­лып, жұмысшылармен еңбек ке­лісім-шарттары жасалды, олар­­ға арнайы жұмыс киімдері берілді, тегін тамақтандыру, су жеткізу жұмыстары ұйым­дас­тарылды. Оңтүстік Қазақстан облысы­на жасаған жұмыс сапары бары­сында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынба­са­ры Нұрлан Нығматулин тасжол учаскесінде болып, құрылысшы­лар­дың еңбек жағдайымен та­нысты. Қазіргі уақытта мердігер компания еңбек заңнамасын қатаң сақтауда. Объектіде «Нұр Отанның» бақылау бекеті жұ­мыс істейді. Жанжал қаралып жат­қан кезде бастауыш партия ұйымын құру жайлы жұмыс­шылардың көтерген бастамасы «Нұр Отан» ХДП облыстық фи­лиалының қолдауына ие болды. Ұйымға 35 адам мүше. «Нұр Отан» «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын құры­лыстың бірінші күнінен бастап өзінің бақылауына алды. Біздің ең басты мақсатымыз – осы автожол құрылысында жұ­мыс істеп жатқан отандас­та­ры­мыздың құқығын бұзуға жол бер­меу, деді өзінің сөзінде Н.Нығматулин.