• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2011

Жұмыспен қамту жағдайымен танысты

324 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр­дің орынбасары Ербол Орын­баев пен Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова жұмыс сапарымен Қара­ған­ды облысында болды. Жұ­мыс сапарының басты мақ­са­ты – «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы­ның жүзеге асу жайымен та­нысу.  2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қарағанды облысында  тұрғындарды жұмыспен қамту­дың 19 орталығы жұмысын бас­тады. Олардың міндеті бағ­дар­ламада көзделген мемлекеттік қолдау шаралары аясында аза­мат­тарды сапалы қызметпен қам­тамасыз ету болып табылады. Премьер-Министрдің орын­ба­са­ры мен Еңбек және халықты­ әлеуметтік қорғау министрі жұ­мыс сапары барысында Осакаров ауданындағы жұмыспен қамту орталықтарының бірінде болды. Онда қонақтар жұмыс кабинеттерін көріп, компьютерлік жүйе жұмысымен танысты, келушілермен пікірлесті. Жұмыс сапары одан соң Теміртау қаласында жалғасын тап­ты. Мұнда Ербол Орынбаев, Гүл­шара Әбдіхалықова және Қара­ғанды облысының әкімі Серік Ахметов «NORD Пром НС» ЖШС-да болды. Ағымдағы жыл­дың ма­мыр айында осы зауытта Ин­дус­трияландыру картасына енгізілген  бетоннан жасалған темір жол шпалдарын шығаратын ин­вес­тициялық жоба іске қосылған болатын. Қарағандыда лауазымды мей­мандар «Гиппократ» МФ ЖШС мен Қарағанды политех­ни­калық колледжіне барып, жұ­мыс жағдайымен танысты. Бұл мекемелер де жоғарыдағы «NORD Пром НС» ЖШС сияқты «Жұмыспен қамту-2020»  бағ­дар­ла­масының белсенді қаты­су­шы­лары болып табылады. 2010-2011 жж. «Гиппократ» ЖШС-нің «Қалпына келтіру, емдеу және медициналық реабилитация ор­та­лығын жаңғырту мен жаб­дықтау»  жобасының несиесі суб­сидияланды. Бұл меди­ци­на­лық қызметкерлер үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүм­кіндік берді. Ал, поли­тех­ни­ка­лық колледж болса бүгінгі таң­да­ғы сұранысқа ие маман­дық­тарға оқытатын оқу ордалары­ның бірі болып табылады. Айта кету керек, ағымдағы жылы Қарағанды облысына жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен  6 млрд. 464 млн. теңге бөлініп отыр. «Егемен-ақпарат».