• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2011

Жаңа медициналық орталықтың таныстырылымы

446 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Меди­ци­налық орталығы емханасында «Часэн» дәстүрлі шы­ғыс медициналық орталы­ғы­ның жұмысын таныс­тыруға ар­нал­ған кездесу болып өтті. 105-ші Корея медицина қызметінің Қазақ­стандағы күндері биыл тамыздың 23-25-іне бел­гіленгендіктен, аталмыш кездесу де осыған орай­лас­тырылған еді. Кездесуге Корея Республика­сы­ның Қазақстан Республика­сын­дағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Ли Бен Хва, Кореяның «Komsta» үкіметтік емес ұйы­мының басшысы Канг Донт Чоль және басқа да денсаулық сақтау ме­ке­мелерінің өкілдері қатысты. «Часэн» дәстүрлі шығыс ме­ди­ци­налық орталығының негізгі жұмыс­та­ры омыртқа сүйектері­нің ауруларын емдік қасиеттері бар шөптермен емдеу, дәстүрлі шығыс медицинасы арқылы сау­ық­тыру, мануалды терапия, ине шаншу және шығыс медици­на­сының негізінде құрылған дене шынықтыру қимылдары арқылы оңалту бағыт­та­рында жүргі­зі­леді. Кездесуге келген Ли Бен Хва екі ел арасындағы ынтымақ­тас­тыққа кеңінен тоқталып, дип­ло­ма­тиялық байланыс­та­ғы меди­цинаның алатын орнын ерек­ше атады. Ол өз сөзінде: «Қа­зақстан мен Корея арасындағы өзара ықпалдастықтың терең тамыр жай­ғанына биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде екі елдің болашағына қатысты көптеген келелі мәселелерді тал­қылап, дипломатиялық қарым-қа­ты­наста салиқалы жұмыстар атқарып келеміз. Бұдан былай да барыс-келісі тек бейбіт әрі дос­тық ниетте болаты­ны­на кәміл сенімдімін», деді. Елімізде ашылып отырған «Часэн» дәстүрлі шығыс меди­ци­налық орта­лы­ғының жұмысы жайлы Кореяның «Komsta» үкіметтік емес ұйымының бас­шысы Канг Донт Чоль да арнайы ай­тып өтті. «Орталықтан­ды­рыл­ған ұйым 1993 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ең басында өз жұмысымызды тек алғашқы медициналық көмек көр­сету түрінде жүргізгенбіз. Алайда уа­қыт өте келе кәсіби мамандарды топ­тастыру арқылы халық­ара­лық дең­гей­де өз медици­на­мыз­ды насихаттайтын деңгейге жеттік. Қазақстан бойынша біздің орталық осыған дейін тек Ал­матыда жұмыс істеген. Халық­тың сұ­ра­нысына сай алдағы уа­қытта басқа да облыстарда орта­лығымызды ашсақ деген жоспарымыз бар», деді ол. АҚШ-та, Египетте, Батыс Еу­ро­па­ның біраз елінде өз бөлім­шелерін ашып үлгерген бұл орталыққа көмекті қажетсінген қарапайым халық қана емес, әлемге танымал спорт және шоу-бизнестің өкілдері де жиі атбасын тірейді екен. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.