• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2011

Зорлады дегені зорлық екен

370 рет
көрсетілді

Защита станциясының желілік ішкі істер бөліміне бір әйел адам арызданған болатын. Ол «Алматы-Защита» бағытымен жүретін поезд жолсерігінің өзін еркінен тыс күштеп, зорлағаны туралы хабарлаған еді. Алдын ала тергеу жұмыстары жүр­гі­зі­ліп, сот дәрігерлік сараптамасы тағайындалды. Тексеріс бары­сын­да арызданушының көрсеткен мәліметтері дәлелденбеді. Өйткені, әйелдің денесінен күш қолданудың қандай да бол­масын іздері табылмады. Соған орай артынша, неге екені белгісіз, арызданушының өзі де алдында зорлады деген адамға енді ешқандай кінә артпайтындығын айтып, тергеуді доғаруды сұраған қосымша арыз түсірген. Сөйтіп, жолаушыны зорлады деген айыппен күдікке алынған жолсерікке қатысты қылмыс­тық істі қозғаудан полиция бас тартты, деп хабарлады ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.