• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2011

Дәрігерлерге демеу

265 рет
көрсетілді

Адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандарға деген көз­қарас бөлек. Соған сәйкес, қам­қорлықтың да өзгеше болуы заң­ды. Өйткені, олар адамды ажал­­дан арашалайды. Денінің сау­­лығын қам­тамасыз етеді. Дерттен айық­ты­рады. Өмірмен қайта қауыш­ты­рады. Сыр бойының экологиялық аймаққа жататыны баршаға аян. Экологиялық аймақ болған соң ау­ру-сырақаудың да аз болмайты­ны белгілі. Осы ретте қызылор­да­лық дәрігерлердің мойнына арты­лар жүктің де салмағы ауырлай бермек. Басы ауырып, балтыры сыз­даған қаншама жан күн сайын об­лыстың медициналық орталық­тың есігін қағады. Олар қабақ шытпай көмек береді. Бұрнағы күні облыс басшысы Болатбек Қу­андықов облыстық ауруханаға арнайы барып, оның тыныс-тір­шілігімен танысып, қызметкер­ле­рімен жолықты. Осы кездесудегі ең басты жаңалық – дәрігерлерге арналып салынатын 50 пәтерлік тұрғын-үй еді. Аймақ басшылығы дәрігерлердің қамсыз жұмыс істеуі үшін оларға арнайы қызметтік пәтер салып беріп жатыр. Әкім тұрғын үйдің алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысты. Дәрігерлерге арналып салы­нып жатқан бұл тұрғын үйдің құ­ры­лы­сы мен жобалау жұмыс­та­ры­на бюд­жеттен 365,0 миллион теңге жұмсалады. Оның құры­лысын «Жез киік» компаниясы жүргізіп жатыр. Шалғайда жатқан ауылдағы науқасты облыс орталығына жеткізу оңай шаруа емес. Жедел жәр­деммен діттеген жерге жеткенше, жаның үзіліп кетуі де мүмкін. Сондықтан мемлекеттік саясат нау­қастарды тікұшақ арқылы жеткізуге басымдық беріп отыр. Сол күні Болатбек Қуандықов МИ-17 тікұшағының жұмысымен таныс­ты. Денсаулық сақтау сала­сын одан әрі жетілдіруге бағыт­талған 2011-2015 жылдарға ар­нал­ған «Са­ламатты Қазақстан» мем­ле­кет­тік бағдарламасында осы бағыт ай­қын көрсетілген. Одан бөлек Елбасының биылғы «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қа­зақстан халқына Жол­дау­ында да денсаулық саласына ба­сымдық берілген. Осыған орай «Ке­зек күт­тір­мейтін медицина­лық жәрдем республикалық ғы­лы­ми-орталы­ғы» мен «Қазавиа­құт­қару» АҚ ара­сында келісім-шарт жасалды. Соған сәйкес Қы­зылорда облы­сын­да «Қазавиақұт­қару» АҚ-ның филиалы ашылып, оған бір тік­ұш­ақ берілді.  Биылғы жылғы рес­пуб­ликалық бюджеттен аталған тікұшақты пайда­ла­нуға 100 миллион теңге бө­лінді. Бұл тікұшақ­тың басқалардан өз­ін­дік айыр­ма­шылығы бар. Тік­ұш­ақ күндіз-түні  ұша береді. Бұл, науқастарға үз­дік­сіз көмек көрсетіледі деген сөз. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда.