• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2011

Бір сүйініш, бір күйініш

312 рет
көрсетілді

Францияның Париж қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында 73 кг. салмақтағы ұлттық құраманың мүшесі Ринат Ибрагимов Лондон Олимпиадасына жолдама алды. Бұл біздің әлем чемпионаты басталғалы бері қоржынымызға түскен алғашқы жолдамамыз. Оның өзінде Ибрагимов үшінші орын үшін болған сында партер иесі Уго Леграннан жеңіліп, өз салмағында Олимпиадаға берілетін орынның біреуіне ие болды. Жарыста біздің тағы бір балуанымыз Елдар Запирханов та осы французға жол берді. Ал басқа балуандарымыз қазір шетінен жеңі­ліп жатыр. Шындықтың бетіне қарасақ, әлем чемпионаты бас­талғалы бері жүлдеге үміткерлердің бәрінің қарсыластарына күші жетпей жатқанын айту керек. Ең әуелі 60 кг. салмақты Елдос Ісметов ұтылса, одан кейін Еркебұлан Қосаев бір кездесуде жеңіп, екіншісінде ресейлік Арсен Галстянға есе жіберді. Ал 66 кг. салмақтағы Азамат Мұқанов жарысты жақсы бастаған еді. Ол канадалық Мишель Попиэльді жеңіп, ширек финалға шығарда ресейлік Мұса Мугушовтан жеңіліп қалды. Сол сияқты Наурызбек Майлашов та жарысты сәтті бастап, ең соңына келгенде қарсыласына шамасы жетпеді. Ол соңғы сында француз Дамид Ларосқа жол берді. Қыздар арасындағы бәсеке де қыза түсуде. Бірақ біздің құра­маның қыздары да ерлер сияқты бірінен соң бірі жеңілістің дәмін татып жатыр. Әлем чемпионатының алғашқы күні 48 кг.-дағы Александра Подрядова бір кездесуін жеңіп, екіншісінде, қарсыла­сына есе жіберді. Келбет Нұрғазина, Ленара Менгазова, Амина Тен де соның жолын қайталады. Енді біздің құрамада Әйгерім Қыдыр­баева мен Зарина Алдинова күш сынасады. Ал ерлер арасында партерге Саят Шәмшиев, Ислам Бозбаев, Тимур Болат пен Александр Касачев шығады. Дастан КЕНЖАЛИН.