• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2011

«Alageum Electric» компаниясы ұлттық мақтанышқа лайық

644 рет
көрсетілді

Дүниежүзі мемлекеттеріне темір­қа­зық болып, көп ретте қалай өмір сүруді үйретіп те жүрген алпауыт Америка қаржы дағдарысының таудай тол­қы­нынан қайраңға қайырлаған кемедей жер бауырлап қала жаздады. Әупірімдеп ба­рып бойын тіктеген АҚШ президенті Барак Обама бұл қиындықтан шығудың жо­лы ғалымдардың индустриялық-ин­но­­вациялық ізденістеріне байланысты деп атап көрсеткен. Ал, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үдемелі индустриялық-инновациялық бағдар­ла­ма­лармен жұмыс істеуді ерте бастан Үкіметке жүктеген болатын. Соның нә­тижесі бүгіндері айқын білініп жатыр. Бүгінде дәуірлеп тұрған Кентау тран­с­форматор зауыты Кеңес өкіметі кезінде Өзбекстандағы бір зауыттың фи­лиалы ғана болатын. Тәуелсіздік алған соң әр­бір ел өзі үшін еңбектенетін болды. Ой­лап қарасақ, Өзбекстандағы сол зауыт қазіргі кезде құрдымға кетіп, филиал бол­ған «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамы бүгінгі таңда Азия елдерінің ішінде өз орнын тапқан кә­сіпорын ретінде еңсесін тіктеді. Барша бастамаларға жұмысшылар кәсіподағы қолдау көрсетеді. Кезінде айына небәрі жеті мың теңге алған кезде де мойымай тек алға тартқан ұжымда бүгінгі күні әр жұмысшы орта есеппен 90-100 мың тең­ге жалақы алады. Оған қоса әлеуметтік қамтамасыздандырылған. Ендеше, Тәуел­сіз­діктің 20 жылдық мерекесіне орай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық да­му­ына қомақты үлес қосып келе жатқан «Alageum Electric» компания құрамы ұж­ымдарының және осы компанияның негізін қалаған «Alageum Electric» электр монтаждау басқармасы директорлар ке­ңе­сінің төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Құр­­мет» орденінің иегері, Қазақстан Рес­публикасының еңбек сіңірген энер­ге­тигі, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, Кен­тау қаласының құрметті азаматы Қо­жа­баев Сайдулла Ілиясұлының ерен ең­бе­гін атап өткен жөн. Жақында осы азаматпен трансформатор зауытының бүгіні мен ертеңі жөнінде ой бөліскен едік. Сайдулла Ілиясұлы «Alageum Elec­tric» электр монтаждау басқармасы – Қа­зақстан Республикасының электр техни­касы саласында көшбасшы орынға ие кә­сіпорын, – дейді. Қазіргі таңда отан­дық өнеркәсіп өрге баспай әлемнің да­мыған елу елінің қатарынан көріну құр қиял ғана. Сондықтан Мемлекет бас­шы­сы­ның мұрындық болуымен арнайы үде­мелі индустриялық-инновациялық бағ­дар­лама қабылданып, осы бағыттағы жұ­мыстар жүйелі сипатқа ие болып отыр. Сонымен атқарып жатқан жұмыстарға келетін болсақ, «Alageum Electric» электр монтаждау басқармасы – Қазақ­стан Республикасының электр техни­ка­сы саласында көшбасшы орынға ие бо­лып отырған ұйым. Жедел дамып келе жатқан электр монтаждау басқарма­сы­ның құрамына Астана қаласындағы «Ala­geum Engineering» жобалау инс­ти­ту­ты, Кентау трансформатор зауыты, Ал­ма­ты электр механикалық зауыты, «Қаз­трансформатор» сауда үйі, «Нұр-Строй ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіреді. Олардың әрқайсысының ай­на­лысатын өз бағыттары бар. Айталық, «Alageum Engineering» жобалау инсти­ту­ты» АҚ энергетикалық нысандарды, инженерлік желілерді және кернеуі 10, 35, 110, 220, 500 кВ блокты қосалқы стан­са­ларды жобалаумен айналысады. «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамы болса жарты ғасырдан астам тарихы бар зауыт. Қуаты 25 000 кВА дейін кернеуі 10-35 кВ күштік, май­лы және құрғақ трансформаторлар, әр­түр­лі орындалымдағы қосалқы стансалар, төмен және жоғары вольтты ұя­шық­тар және басқа да талап етілген көптеген электр техникалық жабдықтар, сонымен қатар құйма оқшаулы және Dupont фир­масының «Nomex оқшаулауы құрғақ трансформаторларын шығарумен айна­лы­сып келеді. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ қуаты 63 000 кВА дейін кернеу класы 35, 110 кВ күштік трансформаторлар толық тізбегін өндіруді игерді. Сонымен қатар, кәсіпорынның 35, 110 кВ ОРУ, ЗРУ, ОПУ блокты қосалқы стансаларын шығарудан үлкен тәжіри­бе­сі бар. Зауыт мамандары КТПБ (К) 110-35/10 типті қосалқы стансаның толық жиынтығын дайындап, жасап шығарды. 2010 жылы отандық өндіруші «Alageum Electric» брендімен күштік трансформаторлармен жасақталған кернеуі 110, 35 кВ ондаған блокты қосалқы стансалар жобаланып, жасалды. Алматы электр механикалық зауыты шкафты құрастырылымдар, қосалқы стан­салар, төмен вольтты және жоғары вольтты ұяшықтар шығарады. Алматы­да­ғы «Қазтрансформатор» сауда үйі электр техникалық бұйымдар жиынты­ғын жеткізумен және «Alageum Electric» маркасымен төмен вольтты аппара­ту­ра­ларды сатумен айналысады. Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе және Шымкент қа­лаларында «Alageum Electric» дүке­н­де­рі­нің желісі бар. Түркістан қаласындағы «Нұр-Строй ЛТД» ЖШС асфальтты-бетонды өнім­дер, қиыршық тас, құм және жылына 80 000 дана өнімділікпен СВ-95, 105, 110, 164 темір-бетонды бағаналар шығарады. Құрылыс жұмыстарын атқарады, ғима­раттарды, үйлерді және автокөлік жол­да­рын жөндеу жұмыстарын жүргізеді. «Alageum Electric» АҚ-тың Астана, Ақтөбе, Шымкент, Орал, Атырау Қара­ғанды және Өскемен қалаларында орна­ласқан филиалдары кернеуі 10, 35, 110, 220, 500 кВ қосалқы стансаларының құ­ры­лысын жүргізуге, арнайы маман­дан­ған өндірістік базалармен және қажетті арнайы техникамен жабдықталған электр өткізгіш желілермен электр техникалық бұйымдарды монтаждау және іске қосу жұмыстарымен айналысады. Компания республика бойынша сервистік қызмет көрсететін өкілдіктер ашып, жергілікті мекендерде тапсырыс берушілермен ұзақ мерзімді, өзара тиімді іскерлік қарым-қатынас құруды көз­дей­ді, осылайша клиенттер бүкіл қыз­мет­тестік барысында электр техникалық жабдық­тар­ға кезекті сервистік қызмет­пен бірге «бір қолдан» жобалау, жасау, жеткізу, мон­таждау, іске қосу, сынау және «кілт тапсыру» бойынша маман­дан­дырылған қызметтердің толық жи­ын­тығына қол жеткізуді нысана етіп отыр. Егер бірде-бір мекеме, бірде-бір кә­сіпорын электр қуатынсыз қимылдай ал­майтынын ескерсек, еліміздің индус­трия­лық дамуына атал­мыш компа­ния­ның қосып отырған елеулі үлестерін бай­қауға болады. Компа­нияға қажетті келешек мамандарды осы бастан даярлау үшін жыл сайын мектеп бітіруші түлек­тер­мен тығыз байланыс жа­салынып, оларды зауыт өмірімен таныс­тыр­ғаннан кейін инженер-конструк­тор­лар­дың шы­ға­рып жатқан өнімдерімен та­нысуға экскурсия жасалынады. Үлкен өндіріс орнын аяғынан қаз бастырып, Қазақстандағы индустрия­лық-инновациялық дамудың қарқын алуы­на үлес қосқан кәсіпорын басшысы бол­дық-толдық деуден аулақ. Кентау қала­сының кем-кетіктеріне көмек берумен қатар жас кадрларды өсіруге барынша көңіл бөліп келеді. Адам баласына қажеттіліктің ең бастысы денсаулық болса, екіншісі – білім. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап жастардың мамандық таңдаула­рына ерекше көңіл бөлінеді. Алматы энергетика және байланыс университеті, Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік тех­никалық университеті, Қ.Ясауи атын­дағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан мемлекеттік университеттерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Ынталы жастарды электр энергетикасы және мәшине жасау мамандықтары бой­ын­ша аталған жоғары оқу орындарына түсіріліп 1-2-3-4-курс студенттері каникул кезінде зауытта өндірістік ақылы тәжірибеден өтеді, яғни оларға 40 мың теңге көлемінде айлық жалақы және бір реттік ыстық тегін тамақ қарастырылған. Жас мамандар үшін зауыт қорынан же­ңіл­детілген пайызсыз негізде пәтер беріледі, яғни айлықтарынан өз келісімдері бойынша 40 немесе 50 пайыз ұста­лы­нып, төлеп болғаннан кейін пәтер өз меншіктеріне аударылып беріледі. 2009- 2010 жылдары жас мамандарға 48 пәтер берілген. Себебі, олар біздің ер­теңгі кадрларымыз. Қазір нарық заманы. Мықтымын, намысым бар, өсемін, өне­мін деген еліміздің жігерлі ұл-қыз­да­ры­на бірінші кезекте алға ұмтылулары жә­не инженерлік мамандыққа – ХХІ ғасыр технологиясын меңгеріп шығулары үшін барлық жағдайлар жасалған. Ол – мем­лекетіміздің болашағының кепілі. Кәсіп­орын басшысы ойын осылай түйіндейді. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы. Суреттерде: С.Қожабаев; зауыт цехында.