• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2011

Шартты ратификациялауға шақырды

295 рет
көрсетілді

Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун «қауіпсіз әлем үшін» Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялауға шақырды. Өзінің үндеуінде Пан Ги Мун былай деді: Осы жылы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін атап өте отырып, біз Қазақ­стан­дағы Семей ядролық сы­нақ по­лигоны жабылуының 20 жыл­ды­ғын да атап өтудеміз. «Қыр­ғи-қабақ соғыс» уақы­тын­да жүз­деген ядролық сы­нақтар жер­гілікті тұрғындар мен қор­ша­ған ортаға үлкен зардап әкел­ді. Адам­зат тари­хын­дағы осы қан­құйлы әрекет жүзеге асырылған жер – полигонда болған адам ретінде мен ядролық сынақтар салдар­лары­­мен күресті жалғас­тырып келе жатқан  Қазақстан Үкі­ме­ті мен халқын қолдағым келеді және бұл күш-жігерді жо­ға­ры бағалаймын. Бізге ядролық сынақ­тар­дан, сондай-ақ ядролық қару­дан азат әлем құру жолында одан арғы прогрестің өмірлік маңызы зор. Ядролық сынақ­тарды жүргізуге өз еркіңмен мораторий жария­лаудың да маңызы айтар­лық­тай, бірақ ол жаһандық тыйым салуды ал­мас­тыра алмайды. Міне, дәл сондықтан да Ядро­лық сынақ­тарға жаппай тыйым салу ту­ралы шарттың мүм­кін­дігінше жедел күшіне енуінің ма­ңызы зор. Өйткені, ол яд­ро­лық қа­русыздану мен тарат­пау­дың халықаралық режімінің ше­шуші құрамдасы болып та­бы­ла­ды және әлемдегі барлық мемлекеттердің белсенді қол­дауын қажетсінеді. ЯСЖТШ-ның күшіне енуі­нің зор маңызы бар екені 2010 жылы өткен, қорытындысы бой­ынша іс-қимыл жоспары қабылданған Ядролық қаруды та­ратпау туралы шарт (ЯҚТШ) міндеттемелерін орындау жө­нін­дегі Шолу конферен­ция­сын­да тағы да қуатталған бо­ла­тын. ЯҚТШ режімін тексеру халықаралық ынтымақтастық­тың құнды құралы болды. Мен оның әрі қарай да тәу­ел­сіз, сенімді және экономика­лық тиімді, сәйкесінше Шарт ережелерін сақтамаушылық­тың кез келген түрінің алдын алуды қамтамасыз етуге қабі­летті тексеру жүргізе алаты­нына толықтай сенімдімін. Сондықтан мен ЯСЖТШ-ға қол қоймаған немесе оны ра­тификацияламаған әлемнің барлық мемлекеттерін мұны бірінші кезекте жасауға шақы­ра­мын. Аталған мақсатқа қол жеткізу ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы бүгінгі күш-жігерді нығайта түсуге мүмкіндік беретін болады.