• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2011

Діндарлар атынан алғыс

292 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­­стан Республикасындағы Орыс православие шіркеуі Митрополиттік округінің басшысы, Астана және Қа­зақ­стан Митрополиті Александрды қабылдады, деп ха­бар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Митрополит Александр дін­дарлар атынан Президентке православие шіркеуіне кө­ңіл бөліп отырғаны үшін ал­ғыс айтты. – 2011 жыл – Қазақстан үшін ерекше жыл, бұл ме­рей­тойлық жыл, біздің мемле­кеті­міздің Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы жылы. Қазақстан бү­гін­де әртүрлі конфессия адам­да­ры, әртүрлі ұлттар бейбіт өмір сүріп жатқан, толеранттылық, транспаренттілік, бейбітшілік пен келісім сақталған ерекше ел, бұл бос сөздер емес, толық мағынасына ие сөздер. Пре­зи­денттің еңбегі  осында. Осы­ған байланысты кейбір мәсе­ле­лер біздің Ұлт көшбас­шы­сы­мен болған кездесуіміз бен бүгінгі талқылауымыздың та­қы­рыбы болды. Адам үшін ашық аспаннан, бейбіт өмір­ден, берекеге ұмтылудан ар­тық ештеңе жоқ. Адамдар ара­сындағы жылы, шынайы адами қарым-қатынастарға еште­ңе жетпейді. Бейбітшілік пен келісім – бұл ежелден береке символы. Біздің Президентіміз бұл туралы үнемі айтып келеді. Дұрыс пікірдегі адам қоғам­дағы келісім тәрізді мұн­дай адами қарым-қаты­настардың пайда болуына байланысты бар­лық нәрсеге толық қаты­сып, қолдап отыруы қажет. Осы орайда Нұрсұлтан Әбіш­ұлының еңбегі зор. Қазақстан бұл ретте нақты бағыт ұста­нып, сенімді қадам жасап келеді. Айналаға қараңызшы – тө­ңірегімізде қан төгілуде, эт­нос­аралық және дінаралық қа­рым-қатынастар жақсы емес, ал бізде – конфессияаралық және ұлтаралық келісім сақ­тал­ған. Бұл – ислам көшбас­шы­ларының, атап айтқанда, Бас мүфтидің еңбегі, бұл – мемлекеттің дұрыс ұстанымы, бұл – Орыс православие шір­кеуі­нің дұрыс ұстанымы. Тек бірге, тек бірлесе отырып біз Отанымыз бен адамдардың игілігі үшін пайдамызды тигізе аламыз. Бұл мәселелерді біз тағы да елордамыз Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің кезекті 4-съезі қар­саңында талқы­ла­дық, – деді журналистерге арналған брифинг барысында Митрополит.