Еңселі елордамыздағы іргелі оқу орны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті десек, бұл білім ордасында оқысақ деген талапкерлер саны биыл 3075-ке жетіпті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2116 талапкерді құраған еді. Олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері мен халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары аз емес екен. Отанымыз бойынша 3 мыңнан сәл асатын «Алтын белгіні» омырауына таққан мыңдаған жүйріктердің 906-сының осы университетті таңдауы, оқу орнының беделі биік екенін көрсетсе керек.
Грант иегерлерінің оқу орындарын таңдауы бойынша мәліметтерге көз жүгіртер болсақ, екінші орынға 2925 студент таңдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, үшінші орынға 2344 талапкермен Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университет, төртінші орынға 2342 грант иегері таңдаған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қол жеткізіп отыр.
Сүлеймен МӘМЕТ.